01.02.2007, 15:16 3096

Балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот ашық түрде өтеді

Балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот ашық түрде өтеді

ШЫМКЕНТ. 1-ақпан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот ашық түрде өтеді. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Ил-Фараби сотының төрағысы Зиядинхан Пірниязов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бүгін таңертеңгі отырыста сот отырысының ашық өтетіндігі туралы шешім қабылдады. Сот отырысына қатысатын журналисттер міндетті түрде тіркелуге тиіс",- деді З. Пірниязов.

Баспасөз мәслихатында сот журналисттермен бірге олардың жұмыстарының егжей-тегжейін талқылай отырып, жәбірленушілердің аты-жөнін немесе олардың суреттерін өздерінің келісімінсіз баспасөз беттеріне жариялауға тыйым салынатындығын тағы да ескертті.

Бұрын хабарлағанымыздай, Шымкентте 19-қаңтарда балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты сот ісі басталған болатын. Сотқа төрағалық етушінің қаулісімен сот процессі жабық түрде өтуде. Бірақ, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының төрағысы Қайрат Мами Оңтүстік Қазақстан облысы сотының төрағасына балаларға ВИЧ індетін жұқтыру туралы істің жабық түрде қаралуының заңдылығын анықтауды тапсырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты қылмыстық іс аталмыш іске төрағалық етушінің қаулысы бойынша Шымкенттің Ил-Фараби аудандық сотында жабық түрде қаралуда. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 89 баладан табылған, олардың сегізі көз жұмса, біреуін шет елге асырап алып кеткен. Сондай-ақ, ВИЧ індеті 12 баланың анасынан табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны