05.02.2007, 18:38 2921

Балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот процессінде айыпталушылардан жауап алу жалғасуда

ШЫМКЕНТ. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Шымкентте балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот мәжілісінде айыпталушылардан жауап алу жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін бес айыпталуышдан жауап алынған, атап айтсақ облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова, оның екі орынбасары - Рахима Қуандықова мен Нағима Жолдасова, сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету саласындағы сапаға бақылау жасау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық басқармасының бұрынғы бастығы Рысқұлбек Байхарашев пен оның орынбасары Орынбасар Қашқалиұлы.

Олардың барлығы өздерінің кінәлі емес екендіктерін мәлімдеген болатын. Атап айтқанда, Н. Тасмағамбетова өзі басшылық етіп отырған департамент қажетті шаралардың барлығын қолданғандығын айтты. Р. Байхарашаев пен О. Қашқалиұлы да өздеріне жүктелген міндетті толық көлемде, кіршіксіз атқарғандақтарын және де медициналық процесстің санитарлық-эпидемиологиялық бөліміне, сонымен қатар дезинфекциялық процедураларға бақылау қою өздерінің міндеті емес екенін мәлім еткен.

Айыпталушылар дәлел ретінде қызметтік нұсқаулықтың тұжырымдамасын ұсынып отыр. "Мен бізге (комитет басшылығына - Kazakhstan Today ескертпесі) немқұрайдылық жөнінде айып тағылып отырғандығына таңым бар, біз емдеу стандартын сақтауға бақылау жасауға тиіспіз, ал департаменттің санитарлық-эпидемиялық бақылауы жағынан ешкім қылмыстық жауапқа тартылмаған",- деді бүгін О. Қашқалиұлы.

Тізім бойынша, келесі облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ташмұқан Тойбековтен жауап алуға тиіс болатын. Бірақ, бүгін сот Зиядинхан Пірниязов кезек тізімін өзгертті. Ол бүгін кешке №2 балалар ауруханасының бас дәрігері Ғани Жолдасовтың сұралатындығын хабарлады. Келісі ретте № 1 балалар ауруханасының қызметкерлерінен жауап алынады. Тек содан кейін ғана облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері сұралатындығын мәлім етті. "Облыстық балалар ауруханасы бойынша материалдар көлемі үлкен",- деп түсіндірді З. Пірниязов.

Агенттік тілшісіне ақпарат көзінен белгілі болғандай, тергеу № 2 қалалық балалар ауруханасында үш баланың, № 1 ауруханада он баланың ВИЧ індетін жұқтырғанын анықтаған. "Тергеу осылай деп бекітті, дегенмен біз бұл мәліметтермен келіспейміз",- деді ақпарат көзі.

Бұрындары хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы балаларға ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты қылмыстық іс Шымкенттің Ил-Фараби аудандық сотында қаралуда. Сотқа 21 адам, соның ішінде 18 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны