19.01.2007, 18:33 2878

Балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа айыпкер ретінде тартылғандардың адвокаттары судья мен прокурорды өзгертуді талап етті - ақпарат көзі

ШЫМКЕНТ. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Шымкентте балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру дерегіне қатысты қылмыстық іс бойынша бірінші сот мәжілісінде айыпкерлердің адвокаттары судья Зиядинхан Пірнияз бен айыптаушы жақ -прокурорды өзгертуді талап етті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне сенімді ақпарат көзі хабарлады.

Ақпарат көзінің айтуынша, судья мен прокурорды өзгертуді талап етуге процессуалдық нормалардың сақталмауы себеп болған. Оның айтуынша, заңнамаға сәйкес, адвокаттар сот мәжілісін ашық немесе жабық есік жағдайында өткізу туралы мәселе шешілген техникалық отырысқа шақырылуға тиіс болатын, алайда адвокаттардың ешқайсысы бұл отырысқа шақырылмаған. Олар сот мәжілістінің жабық есік жағдайында өткізілетіндігінен бейхабар қалған.

Сөйтіп сот тыңдаулары 22-қаңтарға шегерілді.

Бұған дейін де хабарлағанымыздай, сотқа 21 адам, соның ішінде 8 медицина қызметкері айыпкер ретінде тартылған. Екі айыпкер сотқа дейін қамауда болса, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта болды. Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған. Денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы бастығы Нұрсұлу Тасмағамбетоваға немқұрайдылық туралы айып тағылған.

Оңтүстік Қазақстан облысында ауруханада дерт жұқтыруға байланысты ВИЧ індеті 87 бала мен олардың 12 анасынан анықталды. Індет жұқтырған 8 бала қайтыс болып, бір баланы асырап АҚШ-қа алып кеткен, тағы екі баланың отбасы облыс аумағынан тысқары жерде жүр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны