19.06.2007, 15:33 2941

Балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкімді жариялау 11-маусымға белгіленді (толықтырылған нұсқа)

Балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкімді жариялау 11-маусымға белгіленді (толықтырылған нұсқа)

ШЫМКЕНТ. 19-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша үкім 11-шілдеде шығарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Сот кеңес бөлмесіне кетті. Барлықтарыңызды 11-шілдеде үкімді тыңдау үшін келуге шақырамын",- деді кеше судья Зиядинхан Пірнияз айыпталушылардың соңғы сөзін тыңдағаннан кейін.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шымкентте 19-қаңтардан бері Шымкенттің емдеу мекемелерінде балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыруға қатысты іс бойынша сот мәжілістері өтіп жатыр. 21 адам айыпкер ретінде сотқа тартылған, олардың 18-і медицина қызметкерлері. Атап айтқанда, Денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы бастығы Нұрсұлу Тасмағамбетоваға немқұрайдылық туралы айып тағылған

Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған. Денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы бастығы Нұрсұлу Тасмағамбетова мен оның екі орынбасары, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бұрынғы басшысы Рысқұлбек Байхарашев пен оның орынбасары, облыстық балалар ауруханасы мен екі қалалық балалар ауруханаларының бас дәрігерлері және олардың орынбасарлары, осы ауруханалардың бөлімше меңгерушілері. Сонымен қатар, айыпталушылардың арасында облыстық балалар ауруханасының есепшісі мен кассирі және облыстық қан құю орталығының курьері бар.

Айыпкерлерге әрбір айыпкердің қылмыстық құрамына байланысты пара алу, алаяқтық, қымқыру, немқұрайдылық жөніндегі 4 бап бойынша айып тағылған. Көптеген медицина қызметкерлерінеғ соның ішінде денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы төрайымы Нұрсұлу Тасмағамбетова мен оның орынбасарларына немқұрайдылық туралы айып тағылған.

Сот процессі барысында айыптаушы жақ бес айыпталушыға шартты жаза қолданумен шектелуді, қалғандарын бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұраған. Атап айтқанда, облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетоваға бір жылға сынақ мерзіммен үш жылға шарты жазалау және үш жыл бойы медицина саласында қызмет істеу құқығынан айыруды ұсынған. Прокурор оның күйеуі, медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің облыстық басқармасының бұрынғы басшысы Рысқұлбек Байхарашевті де бір жылға сынақ мерзіммен үш жылға шартты жазалауды сұраған.

Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ташмұқан Тойбеков үшін прокурор жалпы режимдегі түрмеде бес жылға бас бостандығынан айыруды, № 2 қалалық балалар ауруханысының бас дәрігері Бақытгүл Баймаханованы төрт жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Прокурордың пайымдауынша, облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлжан Қылышбековаға да осындай мерзім тағайындау қажет.

Айыпталушылардың адвокаттары өз кезегінде, "тергеу олардың кінәларын дәлелдей алмағандықтан, қылмыс құрамының болмауына байланысты" олардың қорғауындағыларды ақтап шығару керек, деп мәлім еткен болатын.

Кеше айыпталушылар өздерінің соңғы сөздерінде, өздерінің ата-аналардың қайғысын түсінетіндіктерін айтқан, бірақ бұған өздерін кінәлі деп санамайды.

Қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 118 бала бар, 9 бала қайтыс болып, біреуін шетелге асырап алып кеткен. Сондай-ақ, 14 әйелден індет вирусы табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны