26.09.2006, 14:45 3065

Балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналар бейресми ұйымға бірікпекші

ШЫМКЕНТ. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналар індеттен зардап шеккендерді жаппай біріктіретін бейресми ұйым құрмақшы. Бұл туралы бастамашыл топтың өкілдері ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штаб жиналысының қарсаңында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев бұл бастаманы қолдап, әділет органдарына бейресми ұйымды тіркеуге көмек көрсетуді тапсырды. "Есепшотты ашудан бастап барлық процедура үш күннің ішінде бітетін болсын",- деді әкім. "ВИЧ індетін жұқтырған балаларды емдеуге қажетті қаржыны аударуға дайын адамдар мен ұйымдар бар. Меніңше, көп кешікпей-ақ қайырымдылық көмек ауқымы кем дегенде 100 мың долларға жетеді",- деген долбар айтты әкім.

Облыс әкімі сонымен бірге болашақ қордың жұмысына мейлінше ашықтық тіледі. "Қор арқылы үлкен көлемде қаржы ағыны өтеді. Сондықтан қаржыға бақылау қоятын мықты қаржыгерді табу керек",- деді Ө.Шүкеев. "Мемлекеттік шенеуніктердің бұған ешбір қатысы болмауы керек және қор басқармасына беделінде кінарат жоқ адамдар енуге тиіс. Заң тұрғысында ұрлық жасауға ешбір мүмкіндік қалмайтындай етіп бәрін сауатты жасау керек",- деді Ө.Шүкеев.

Отырыста бейресми ұйыммен бірге қамқоршылар кеңесі де құрылатыны айтылды. Оған заңгерлер, ардагерлер, БАҚ басшылары мен медициналық мекемелердің жетекшілері енеді. Олар балалары ВИЧ індетін жұқтырған ата-аналармен жұмысқа жан-жақты көмек көрсетуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны