22.04.2016, 16:28 4562

Балаларын вакциналаудан бас тартқан ата-аналар оларды денсаулық құқығынан айырады

Сөз басында ол әлемдік мәліметтерге сай жұқпалы аурулар әлі күнге дейін адамдардыӊ өліміне себепші болып келе жатқанын атап айтты. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласы дамыған елдердіӊ халқы өткен ғасырлардағы табиғи шешек, чума, тырысқақ, қызылша және т.б. ауруларыныӊ ошақтары арқылы пайда болған бүлдіруші эпидемиялар туралы мүлдем ұмытқан.

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Алексей Цой халықты иммундау мәселелеріне байланысты ҚР ДСИДМ-де өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сөз басында ол әлемдік мәліметтерге сай жұқпалы аурулар әлі күнге дейін адамдардыӊ өліміне себепші болып келе жатқанын атап айтты. Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласы дамыған елдердіӊ халқы өткен ғасырлардағы табиғи шешек, чума, тырысқақ, қызылша және т.б. ауруларыныӊ ошақтары арқылы пайда болған бүлдіруші эпидемиялар туралы мүлдем ұмытқан.

Дүние жүзінде вакцинация инфекциялармен күресудегі тиімді, қолжетімді, үнемді құрал екені дәлелденген.

"Қазақстанда Ұлттық егу күнтізбесіне сай халықты 21 жұқпалы ауруларға қарсы тегін вакциналау жүргізілуде. Біздіӊ Ұлттық егу күнтізбеміз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (әрі қарай - ДДСҰ) ұсынымдары мен көптеген дамыған елдердіӊ (Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония) иммундау кестесіне сай. Жыл сайын Қазақстанда вакциналауға 20 млрд, теӊгеге жуық қаражат бөлінеді", - деп хабарлады Алексей Цой.

Сонымен қатар, ол республикадағы имундауға негізделген барлық вакциналар ДДСҰ мен ЮНИСЕФ ұсынған және сертификатталған, брендтелген вакциналар шығаратын өндіруші-зауыттардан сатып алынатынын атап айтты. Барлық вакциналар жаппай қолдануға дейін мемлекеттік тіркеуден өтіп, емханаға дейінгі және емханалық сынақтан өтеді.

Профилактикалық егу жүргізудіӊ алдында егілетін адам міндетті түрде дәрігердіӊ тексеруінен өтеді. Ол хабарландырылған профилактикалық егуден бас тарту немесе келісімді жасайды.

Халықаралық мәліметтерге сәйкес, вакциналау мүгедектікке шалдығуға себепкер болмайды. ДДСҰ мәліметінше, энцефалит түріндегі қызылша вакцинасын енгізу кезінде мұндай жағдай болуы мүмкін. Ол вакциналанған 1 млн. адамға шаққанда 1 жағдай ғана тіркеледі. Ал қызылшамен сырқаттанған 100 жағдайдыӊ 38-інде (38%) өкпеніӊ зақымдануы басталады, 100 жағдайдыӊ 10-да (10%) ауырған адамдар қайтыс болады.

АКДС егуінен соӊ (көкжөтел, дифтерия, сіреспеге қарсы кешенді вакцина) жоғарғы дене қызуы, тіпті тырыспа пайда болуы мүмкін. Бірақ бұл 200-400 мыӊ адамға шаққанда 1 жағдай болуы мүмкін. Сіреспеден 85-100% ауырған адам, дифтериядан әрбір бесінші адам қайтыс болады.

Қызамықтыӊ әрбір төртінші жүктіліктіӊ бірінші триместрінде асқынуы жаӊа туған нәрестелер ағзасыныӊ ауыр ауытқуларын туындатады. Еркек бедеулігініӊ 1/4 жағдайы эпидемиялық паротит (свинка) салдарынан туындайды.

Егу процесіне болжалды және аллергиялық реакция туындауы мүмкін. Болжалды реакция дене қызуыныӊ көтерілуі, әлсіздік, өзін өзі жайсыз сезіну түрінде болады. Бұл симптомдар өздігінен жойылуы мүмкін, дегенмен, медициналық қызметкерге қаралған орынды. Жеке реакцияныӊ пайда болуына конституциялық, генетикалық факторлар, алдыӊғы ауру салдарынан туындаған ағзаныӊ қарсы тұру мүмкіндігініӊ төмендеуі, тамақтану тәртібініӊ бұзылуы, вакцинаныӊ әсеріне ағзаныӊ өзіндік жоғары сезімталдығы, сонымен бірге, имуннитет тапшылығы жағдайыныӊ бірінші және екінші көрінісімен әсер етуі мүмкін.

"Қазақстанда вакцинадан салдарынан туындаған өлім-жітім, мүгедектіктіӊ бірде бір жағдайы тіркелмегенін атап айтқым келеді. Сонымен қатар, ата-аналар вакциналаудан бас тарту нәтижесінде өз балаларыныӊ денсаулық құқығынан айыратынын білуі тиіс", - деп түйіндеді Алексей Цой.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардыӊ құқығын қорғау комитетініӊ мәліметінше, соӊғы 20 жыл ішінде халықты иммундау нәтижесінде қызылшамен сырқаттану 4000 еседен астам көрсеткішке, көкжөтелмен - 6,8 есеге, эпидемиялық паротитпен 181,6 есеге, А вирустық гепатитіне шалдығу - 146 есеге төмендеді. Егу кезеӊіне дейінгі уақытпен салыстырғанда (вакциналау 1998 жылы басталды) балалар арасында "В" вирустық гепатитімен сырқаттану 482 есеге азайды. "А" вирустық гепатиті, сіреспе ауруларына шалдығу көрсеткіші төмен деӊгейде сақталып тұр. Дифтерия, полиомиелит жағдайлары тіркеліп жатқан жоқ.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны