12.01.2015, 19:05 4445

Баланыӊ куәлігін жол сақшысына көрсету міндетті емес

"Жол жүру ережесі" туралы жаӊа заӊ жобасы күшіне енгелі автоорындық мәселесі басты тақырыптардыӊ бірі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте заӊныӊ осы бөлігі тағы да сөз болды.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Жол жүру ережесі" туралы жаӊа заӊ жобасы күшіне енгелі автоорындық мәселесі басты тақырыптардыӊ бірі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте заӊныӊ осы бөлігі тағы да сөз болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетініӊ төрағасы Игорь Лепеханыӊ айтуынша, көлік жүргізуші баланыӊ туу туралы куәлігін өзімен бірге алып жүруге міндетті емес, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Егер баланыӊ бойы 1 метр 36 сантиметр, салмағы 36 келі шамасында болса, тәртіп сақшысы сізден баланыӊ туу туралы куәлігін сұрамайды. Сондай-ақ автоорындық көліктіӊ алдыӊғы қатарында болуы тиіс. Ал артында отырған балаға белдікке арналған құрылғыны, яғни бюстерді қолдану қажет. "Бұл баланыӊ қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - дейді комитет төрағасы.

Былтырғы статистикаға сүйенсек, жол-көлік оқиғасыныӊ салдарынан елімізде 89 бала қаза тауып, 1 мыӊ 704 бүлдіршін жарақат алған.

Игорь Лепеха, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетініӊ төрағасы

-Статистикаға сүйенсек, 1 қаӊтардан бері жол-көлік оқиғасыныӊ салдарынан 6 бала қаза тауып, 17-сі түрлі дене жарақатын алған. Мысалы, 1 қаӊтарда Алматы облысында көліктіӊ соғысуы салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім қаза тауып, 2 адам жарақаттанды. Сол күні Алматы облысында қайғылы оқиға салдарынан тағы 1 бала қаза тапты. Міне, нақты дәлелдер. Қазір қоғамда тек автоорындыққа жұмсалатын қаржы мәселесі талқыланып жатыр. Ирине, ол да маӊызды. Алайда біздіӊ кез келгеніміздіӊ балаларымыз осындай оқиғамен бетпе-бет келмесіне кім кепілдік береді?!

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны