28.09.2018, 13:24 5318

Баланыӊ тууы бойынша проактивті қызмет @EgovKzBot-те қолжетімді болды

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін "Мобильді азаматтар базасында" тіркеліп, яғни eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте өзініӊ телефон нөмірін бекіту қажет және өзініӊ гаджетінде Telegram мессенджердегі боттыӊ іске қосуылуын жүзеге асыру қажет.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Telegram-бот @EgovKzBot арқылы "Баланыӊ тууы" проактивті қызметі іске қосылғандығы туралы хабарлайды.

Енді еліміздіӊ азаматтары СМС сұрақтарға жауап бере отырып, @EgovKzBotтелеграм мессенджеріндіӊ көмегімен жаӊа туған балаға ат қою (беру), "Туу туралы" куәлік алуға өтінім беру және бір жолғы төлем сомасын білу, сонымен бірге баланы бала бақша кезегіне қою мүмкіндіктеріне ие болды.

@EgovKzBot ботта жоғарыда көрсетілген қызметті таӊдағаннан кейін, пайдаланушыға баланыӊ туылуына байланысты келетін құттықтау хабарламасымен біргеқалаулы ТАИ толтыру қажет. Содан кейін деректерді растау немесе өзгерту керек және сұратылған деректерді толтыру қажет. Енгізілген ақпарат нәтижелері бойынша балаға ЖСН беріледі. Одан кейін ботты пайдаланушыға Баланыӊ тууы туралы медициналық анықтамасы бар куәлік алу үшін АХАТ бөлімініӊ мекенжайы жазылған хабарлама келеді.

Сондай-ақ, хабарламада қосымша қамқоршы немесе ата-ананыӊ банк шотыныӊ деректемелері де көрсетілетін болады. Өтініш беруші жеӊілдікті тексеруді таӊдауы қажет. Деректерді толтыруды аяқтағаннан кейін, пайдаланушыға бір жолғы төлем сомасы туралы хабарлама келеді.

Бот командасын қолдану арқылы, яғни бағытқа ала отырып, баланы балабақша кезегіне қою мүмкіндігі проактивті қызметтіӊ үшінші бөлігі болып табылады.

Telegram-бот арқылы қолжетімді көрсетілетін қызметтер мен сервистердіӊ саны 15-ке жеткендігін еске саламыз. Ағымдағы кезеӊде Telegram-бот қызметіне 24 000-нан астам адам жазылған, оныӊ іске қосылуы кезеӊінен бастап қызметтерді алуға 27 000-ға жуық сұрау салу жасалды.

Маӊызды:

Көрсетілетін қызметтерді алу үшін "Мобильді азаматтар базасында" тіркеліп, яғни eGov.kz порталындағы Жеке кабинетте өзініӊ телефон нөмірін бекіту қажет және өзініӊ гаджетінде Telegram мессенджердегі боттыӊ іске қосуылуын жүзеге асыру қажет.

@EgovKzBot арқылы қызмет алу уақытында сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтарға 1414 нөмірі бойынша тәулік бойы және тегін консультация беретін Бірыӊғай байланыс орталығына хабарласуға болады.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-"электронды үкіметтіӊ" инфокоммуникациялық инфрақұрылымы мен мемлекеттік органдардыӊ бірыӊғай көлік жүйесініӊ операторы, орталық және аймақтық мемлекеттік органдардыӊ ақпараттық жүйелеріне жүйелі-техникалық қолдау көрсетеді, мемлекеттік деректер базасындағы ақпараттыӊ қауіпсіздігіне жауап береді ("Заӊды тұлға", "Жеке тұлға", "Мекенжай регистрі", "Жылжымайтын мүлік регистрі", "Е-лицензиялау", "Е-техбайқау").Беткеұстар бағыттарбұл - "Электрондыүкімет" (egov.kz) және "Ашық үкімет" (open.egov.kz) порталдары, mGov.kz қосымшасы,телеграм бот @EgovKzBot, ҚР 1414 Бірыӊғай байланыс орталығы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны