01.02.2016, 10:25 3622

Балық, дәрі-дәрмек және валюта

Балық пен валютаға қатысты екі оқиға "Қорғас" бақылау өткізу бекетінде тіркелді. Біріншісінде, Қазақстаннан көршілес Қытай еліне қарай сапар шегіп бара жатқан 1979 жылғы Болат есімді қытайлық азамат салмағы 50 кило болатын мұздатылған балықты көз қысты, бармақ басты жолмен алып өтуге тырысқан жерінен ұсталды

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Балық пен валютаға қатысты екі оқиға "Қорғас" бақылау өткізу бекетінде тіркелді. Біріншісінде, Қазақстаннан көршілес Қытай еліне қарай сапар шегіп бара жатқан 1979 жылғы Болат есімді қытайлық азамат салмағы 50 кило болатын мұздатылған балықты көз қысты, бармақ басты жолмен алып өтуге тырысқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Дәрі-дәрмектерге қатысты оқиғалар қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекеті мен еліміздіӊ оӊтүстігіндегі "Сарыағаш" бақылау-өткізу бекетінде тіркелді. Атап айтқанда, 29-қаӊтар күні 17 сағат шамасында отандасымызды ұстауға мәжбүр болды. Шекаралық ынтымақтастықтыӊ халықаралық сауда орталығынан келе жатқан 1968 жылы туылған жерлесіміз салмағы 40 кило болатын дәрі-дәрмектерді заӊсыз жолмен өткізуге тырысқандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша материалдар Алтынкөл кеден бекетініӊ қызметкерлеріне берілді.

Арада бес-алты сағат өткенде, дәлірек айтқанда, кешкі сағат жетініӊ шамасында "қорғастық" шекарашылар Қабылов Ермек есімді қазақстандық азаматты ұстауға мәжбүр болды. Шекаралық ынтымақтастықтыӊ халықаралық орталығынан келе жатқан жерлесіміз 230 000 Венесуэла валютасы боливарды жарияламай алып өтуге әрекеттенді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны