06.01.2015, 18:13 4745

Балқаш қалалық Ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен Балқаш қаласында қарақшылық шабуыл жасаған 35 -жастағы Атырау қаласыныӊ тұрғыны ұсталды

Дүкенніӊ сатушысы ұсталған күдіктіні таныған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, оныӊ үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 192 бабы "Қарақшылық шабуыл" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанда. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - Облыстық Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция басқармасы және Балқаш қалалық Ішкі істер бөлімі криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен Балқаш қаласында қарақшылық шабуыл жасаған 35 -жастағы Атырау қаласыныӊ тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

5-ші қаӊтар күні Ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасымен балқаш қалалық ІІБ Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерініӊ жедел -іздестіру іс -шаралары барасында 2-ші қаӊтар күні қаладағы дүкендердіӊ бірініӊ сатушысын пышақпен қорқытып, басынан ұрып, түскен ақшаны алып қашып кеткен 35 -жастағы Атырау қаласыныӊ тұрғыны анықталып, ұсталды. Дүкенніӊ сатушысы ұсталған күдіктіні таныған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, оныӊ үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 192 бабы "Қарақшылық шабуыл" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны