21.09.2015, 11:36 3801

Балқаш қаласында "Бетти" атты полицияныӊ қызметтік -іздестіру иті қоғамдық көліктен үш килограммға жуық марихуана есірткі затын тапты.

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Балқаш қаласында Қарағанды облысы ІІД Кинологтары қоғамдық көлікке тексеріс жүргізу барысында "спаниель" тұқымдас "Бетти" атты қызметтік -іздестіру иті қап тауып алған. Есірткі заттарын іздеуге қолданылатын ит қаптағы иісті бірден сезген. Қап орындықтыӊ астынан алынып, онда сұр -жасыл түсті, өсімдік тәрізді заттар алынған. Сараптама қорытындысына сәйкес табылған зат үш килограммға жуық марихуана есірткі заты екені анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексініӊ 296 бабы 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны