Система Orphus

Балқаш қаласының жаңа әкімі тағайындалды

30.05.2012, 11:27 4385

Астана. 30-мамыр. Kazakhstan Today - Балқаш қаласының әкімі қызметіне Нұрлан Иубәкіров тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігінің сілтеме жасай отырып.

Ол бұл лауазымға тағайындалмас бұрын Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі болған. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін облыс әкімі Ибілғазы Құсайынов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Балқаш қаласына тағайындалатын жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

"Осыдан кейін қала активінің жиналысы өтті, онда И. Құсайынов жаңа қала басшысын таныстырып, алдағы кезеңге бірқатар міндеттерді жүктеді", - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Н. Иубәкіров 1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеуде. Экономист және заңгер мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Сонғы жылдары облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ ол Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болды. Тағайындалғанға дейін Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі қызметінде істеді.

Қадыржан Тейлянов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымына тағайындылуына байланысты Балқаш қаласының әкімі қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны