28.06.2017, 18:46 3665

Балқашта дарынды балаларға арналған мектеп ашу жоспарда бар

Жыл сайын Балқаштан 1000 мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті білім алу үшін Қарағандыға баруға мәжбүр. Алайда биылдан бастап облыстық білім басқармасы ол бүлдіршіндер үшін өз қаласында психологтік-медиктік-педагогикалық кеӊес ашуды ұйғарған.

Қарағанды. 28 маусым. Kazakhstan Today - Балқаш қаласында дарынды балаларға арналған мектеп және инклюзивті бағдарлама аясында психологтік-медиктік-педагогикалық кеӊес ашу жоспарлануда.

Жыл сайын Балқаштан 1000 мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті білім алу үшін Қарағандыға баруға мәжбүр. Алайда биылдан бастап облыстық білім басқармасы ол бүлдіршіндер үшін өз қаласында психологтік-медиктік-педагогикалық кеӊес ашуды ұйғарған.

Жүздеген шақырым қашықтыққа, облыс орталығына бару қажеттілігі мәселесі дарынды балалар үшін де шешімін тапты. Олар үшін Балқашта арнайы мектеп ашылмақ.

- Дарынды балаларға арналған мектептер тек облыс орталығында ғана шоғырланған. Алайда оларды басқа да аудандарда ашу керек, - деді білім басқармасыныӊ жетекшісі Асхат Аймағамбетов. - Балқаштан көптеген балалар Қарағандыға көшіп кетеді де, облыстық дарынды балаларға арналған мектептерге түсіп жатады. Мысалы, назарбаев зияткерлік мектебіне және тағы да басқаларына. Дегенмен, осы қалада да физико-математикалық бағыттағы мектеп ашу мүмкіндігі бар. Ол жерде Ақтоғай ауданы мен Приозерск қаласыныӊ балалары да оқуға мүмкіндік алар еді. Ол үшін қажетті кадрлар да бар. Біз қазір бұл мәселені қарастырып жатырмыз.

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов Балқаш қаласына жұмыс сапары барысында сондай-ақ, білім саласындағы мемлекеттік - жеке-меншік серіктестік мүмкіндіктерін тілге тиек етті. Қазіргі таӊда бұл қалада 24 мектепке дейінгі мекеме: 14 балабақша және 10 жалпы білім беру мектептерініӊ жанынан ашылған 10 шағын орталықтар жұмыс істейді. Алайда, соған қарамастан, балабақшаға өз кезегін 3041 бала күтуде. Сондықтан білім басқармасы жеке меншік мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс құнын арттыруды ұйғарған.

- Облыс орталығында біз жеке меншік балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс мөлшерін 16-дан 27 мыӊға дейін ұлғайттық. Содан соӊ бір ай көлемінде бізге 7 кәсіпкер келіп, 600 орынға арналған балабақша ашатындарын айтты. Қазір біз тура сондай шешімді Балқаш қаласына қатысты да қабылдадық. Ол бизнесті тартымды етіп, осындай нарықтық механизмдер Балқаш қаласында жеке меншік балабақшалардыӊ ашылуына түрткі болады деп үміттенеміз.

Қалалық актив отырысында сонымен қатар балаларды жазғы уақытта сауықтыру мәселесі де талқыланды. Асхат Аймағамбетовтыӊ айтуынша бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатқанымен, оныӊ барлығы жеткіліксіз. Сондықтан облыстық білім басқармасы "Қазақмыс" корпорациясымен бірігіп, көл жағалауында орналасқан компанияныӊ меншігіндегі профилакторийді Балқаш қаласыныӊ балаларын сауықтыру үшін пайдалануды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны