29.05.2017, 16:17 3944

Балуан Шолақ туралы көркем фильмніӊ түсірілім жұмыстары басталды

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында сценариі Дулат Исабековтіӊ "Жаужүрек" пьесасы желісі бойынша жазылған "Балуан Шолақ" (шартты атау) атты толықметражды көркем фильмніӊ қорғалымы өтті.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында сценариі Дулат Исабековтіӊ "Жаужүрек" пьесасы желісі бойынша жазылған "Балуан Шолақ" (шартты атау) атты толықметражды көркем фильмніӊ қорғалымы өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша түсіргелі отырған бұл фильм балуан, әнші әрі композитор Балуан Шолақтыӊ өмірі туралы баяндайды. Қорғалым барысында фильмніӊ режиссері Нұргелді Садығұлов "Қазақфильмніӊ" Эксперттік кеӊес мүшелеріне түсірілім тобын таныстырып, түсірілімдер болатын аймақтарды атап шықты.

- Балуан Шолақ соӊғы серілеріміздіӊ бірі. Ол - композитор, балуан, ат құлағында ойнаған спортшы. Фильмде Балуан Шолақтыӊ бойында бар өнерін, елініӊ қамы үшін түрлі ерлікке бара алатындығы мен Ғалияға деген махаббатын көрсеткіміз келеді. Түсірілім тобындағы барлық департаменттер түсірілімге толыққанды дайын. - деді режиссер.

Түсірілімдер Акмола облысы және Павлодар облысында өтеді, сондай-ақ кей сахналар "Қазақфильмніӊ" павильондарында түсірілетін болады. Фильмніӊ қоюшы суретшісі Еркін Сүлейменов фильмніӊ негізгі сахналары болатын "Жәрменке" және "Балуан Шолақтыӊ ауылы" декорацияларын Алматы облысы Жалаӊаш және Кеген ауылдарында тұрғызылғаны туралы айтып берді.

Балуан Шолақтыӊ рөліне режиссер актер Еркебұлан Дайыровты таӊдаған. Фильмге еліміздіӊ басқа да танымал театр актерлерімен қатар дебютант-актерлер де түсетін болады. Түсірілім жұмыстары 1 маусымнан Алматы облысында басталады.

Айта кетейік, "Балуан Шолақ" картинасы 2017 жылдыӊ басынан дайындық кезеӊінде болатын. Аталмыш кезеӊде басты және қосалқы рөлдерге актерлерді іріктеу, реквизиттер: ат әбзелдерін әзірлеу, кейіпкерлер киімдерін тігу, декорациялар соғу жұмыстары жүргізілген.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Сценарий авторы: Д.Исабеков

Қоюшы режиссер: Н.Садығұлов

Қоюшы оператор: Р.Қосай

Қоюшы суретші: Е.Сүлейменов

Киім суретшісі: М.Торыбаева

Арт-продюсері: С.Ибдіхалықов

Атқарушы продюсері: Б.Байназаров

Анықтама: Садығұлов Нұргелді Серікұлы

Білімі:

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (1998 - 2002жж.) Мамандығы: деректі кино және ТВ режиссері

С.А. Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография. (2006 - 2010жж.)

Мамандығы: көркем фильм және ТВ режиссері

Фильмографиясы:

Деректі фильмдер: "Көкпар" 1998ж., "Отшельник поневоле" 1999ж., "Ковер" 2000ж., "Соғым" 2002ж., "Скрипка и виолончель" 2003ж., "Семейный дом Купкиных" 2004ж., "Түркістан" 2007ж., "Абай" 5 серия 2012ж., "Исабеков әлемі" 2013ж.

Көркем фильмдер: "Игрушки" 2007ж. "Молоко" 2009ж. "Кредитке махаббат" 2010ж. "Зұлмат", "Біздіӊ ауыл - во!" 2011ж.

Деректі фильмдер циклы:"Саят" 2005ж., Сериал "1 сынып" 2005ж., "Ипке" 2013ж., "Ұлт мақтанышы" 2013ж.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны