03.02.2021, 18:53 12510

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы тағайындалды

Нариман Жүнісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Нұр-Сұлтан. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Нариман Жүнісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.
 

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Нариман Талғатұлы Жүнісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

 
Сонымен қатар, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Шавхат Әнесұлы Өтемісов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
 
Нариман Жүнісов тағайындалғанға дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
 
Шавхат Өтемісов тағайындалғанға дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді.
 
Естеріңізге сала кетейік, бір апта бұрын ҚР Үкіметінің қаулысымен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне Серік Қожаниязов тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны