12.05.2010, 15:49 3024

Бангкок қаласында қолға түскен КХДР-да шығарылған қару-жарақ ХАМАС пен "Хезболлах" лаңкестік қозғалыстарына бағытталған - Израиль СІМ

Бангкок қаласында қолға түскен КХДР-да шығарылған қару-жарақ ХАМАС пен "Хезболлах" лаңкестік қозғалыстарына бағытталған - Израиль СІМ

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман бүгін Бангкок қаласында өткен жылғы желтоқсанда қолға түскен Грузия әуекомпаниясы жалға алған ұшақ бортындағы КХДР-да шығарылған қару-жарақ ХАМАС пен "Хезболлах" лаңкестік қозғалыстарына бағытталған екен деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

ИТАР-ТАСС мәліметінше, журналистермен Токио қаласындағы сұхбат кезінде А. Либерман аталған қару-жарақ партиясын Иран КХДР-ынан сатып алған деп мәлімдеген. Оның айтуынша, қару партиясы Сирия арқылы палестиндік топтарға жеткізілуге тиіс болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны