14.12.2009, 14:02 2618

Бангкокта бортындағы қару-жарақпен ұсталған ұшақты Қазақстан биыл Грузияға сатқан

Бангкокта бортындағы қару-жарақпен ұсталған ұшақты Қазақстан биыл Грузияға сатқан

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бангкокта бортындағы қару-жарақпен ұсталған Ил-76 ұшағын Қазақстан биыл, 2009 жылдың 7 қазанында Грузияға сатқан. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінің төрағасы Рәділбек Идимолда баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз өз желіміз бойынша тексердік, ұшақ Грузияға тиесілі, бірақ бұған дейін Қазақстанның реестрінде болған және 2009 жылдың 7 қазанында Грузияның әуекомпаниясына сатылған", - деді Р. Идимолда.

Ол бұған қоса экипаждың төрт мүшесі Қазақстан азаматтары екенін растады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Таиланд өкіметі 12 желтоқсанда 35 тонна қару-жарақ әкеле жатқан Ил-76 ұшағын ұстады. Экипаждың бес мүшесі Қазақстан мен Беларусь азаматтары болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны