10.02.2010, 16:49 3610

Барлық Азиада нысандары мерзімінде пайдалануға беріледі - Алматы әкімі

Барлық Азиада нысандары мерзімінде пайдалануға беріледі - Алматы әкімі

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Барлық Азиада нысандары мерзімінде пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қала халқына есеп беру жиыны барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Азия ойындары басталғанға дейін бір жылдан аз уақыт қалды. Біз салып және жаңалап жатқан барлық нысандар мерзімінде пайдалануға беріледі. Бұлар Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ, шаңғы трамплиндері кешені, Орталық стадион, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, шаңғы және биатлон стадиондары", - деді Ахметжан Есімов.

"Медеу-Шымбұлақ тау шаңғысы курортын дамыту жобасына айрықша назар аударғым келеді. Бұл тек Азиада үшін ғана маңызды нысан емес. Ол Алматы қаласында туризмді дамыту бойынша имидж жасайтын жоба және мүмкін тіпті Орталық Азиядағы жалғыз әлемдік стандарттар деңгейінде қызмет көрсететін орынға айналатын шығар", - деді ол.

"Азиаданы өткізу қалада туризмді дамытуға түрткі болады. Біздің бұл саладағы әлеуетіміз аса жоғары. Еліміздегі барлық туристік фирмалардың тең жартысы Алматы қаласында орналасқан. Қазақстанға келген әрбір бесінші турист біздің қаламызда қонақ болды, бұл әсте жоғарғы шегі емес", - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны