09.04.2009, 15:48 2892

Барлық облыстардың әкімдері ана мен бала өліміне байланысты ахуал бойынша жыл сайын есеп беретін болады

Барлық облыстардың әкімдері ана мен бала өліміне байланысты ахуал бойынша жыл сайын есеп беретін болады

Астана. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Барлық облыстардың әкімдері ана мен бала өліміне байланысты ахуал бойынша жыл сайын есеп беретін болады. Бұл туралы бүгін ана мен баланың өлімін азайтуға кезек күттірмес шаралар қолдану жөніндегі республикалық штабтың кеңейтілген отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ана мен бала өліміне байланысты ахуалға қатысты есеп мемлекет басшысына ұсынылатынын ескерткім келеді. Сонымен бірге, жылдың аяғына таман әкімдердің, әсіресе, проблемасы айтарлықтай өңірлердің әкімдерінің тиісті есептері таныстырылады. Алға қойылған мақсаттарды шешуге қауқары жетпейтін әкім орынбасарлары бойынша тиісті тұжырым жасалады. Бұл - қорқыту емес, біз өзіміздің функциялық міндеттерімізді жоғары деңгейде орындауға тиіспіз. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бірқатар шаралар қолданылуда", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны