20.07.2018, 19:34 5646

Барлық салаларда жоғары лауазымды тұлғалардыӊ қатысуымен жүйелі жемқорлық фактілері ашылып отыр - Алик Шпекбаев

Алик Шпекбаев іс жүзінде барлық салаларда жоғары лауазымды тұлғалардыӊ қатысуымен жасалынған сыбайлас жемқорлықтыӊ жүйелі деректері ашылып отырғандығын, тек соӊғы жартыжылда 700-ден астам тұлға, оныӊ 18-і республикалық, 55-і облыстық, 101-і қалалық және аудандық буындарда анықталғандығын атап өтті.

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметініӊ бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қол жеткізген нәтижелерге жеке-жеке тоқталды.

Алик Шпекбаев іс жүзінде барлық салаларда жоғары лауазымды тұлғалардыӊ қатысуымен жасалынған сыбайлас жемқорлықтыӊ жүйелі деректері ашылып отырғандығын, тек соӊғы жартыжылда 700-ден астам тұлға, оныӊ 18-і республикалық, 55-і облыстық, 101-і қалалық және аудандық буындарда анықталғандығын атап өтті.

Олардыӊ арасында Энергетика вице-министрлері, сыртқы саясатведомствосыныӊ жауапты хатшысы, Ауылшаруашылығы министрлігініӊ Комитеттерініӊ төрағасы мен төрағаныӊ орынбасары, Ұлттық компаниялардыӊ топ-менеджерлері, құқыққорғау органдарыныӊ басшылары, сондай-ақ, әртүрлі деӊгейдегі судьялар бар.

Оӊтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласыныӊ Мемлекеттік кірістер департаменттерініӊ лауазымды тұлғаларыныӊ(кеден бекеттеріндегі пара), Ақмола (өндірушіге қамқорлық) және Маӊғыстау (браконьерлерге қамқорлық) облыстарыныӊ ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлерініӊ қатысуымен ұйымдасқан қылмыстық топтары әшкереленді. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарыныӊ көпшілігі жергілікті атқарушы органдардыӊ, ішкі істер органдарыныӊ және квазимемлекеттік сектор қызметкерлерімен жасалынған. Лауазымды тұлғалардыӊ кәсіпкерлік қызметіне заӊсыз араласу жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізіліп жатырғандығы аталып өтілді. Агенттікпен 300-ден аса кәсіпкердіӊ құқығы қорғалған, ол өткен жылдыӊ көрсеткішімен (108) салыстырғанда 3 есеге көп.

Қабылданған шаралар нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығын көлемі 9,7 млрд.тенгеге өсті, бұл шамамен өткен жылмен салыстырғанда (5,9 млрд.тенге) 4 млрд. теӊгеге артық, ал өтелуі көлемі 8,5 млрд. теӊге (4,9 млрд. теӊге) немесе 88%.

Тергеу барысында 4,6 млрд.тенгеге күдіктілердіӊ мүлігіне тыйым салынды, бұл өткен жылдыӊ көрсеткішінен (1,2) 4 есеге артық.

Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес, қылмыстық процестіӊ репрессивтілігін төмендету бойынша шаралар қабылдануда. Нәтижесінде, ұсталған және қамауға алынған тұлғалардыӊ саны 2 есеге дерлік азайды.

Алик Шпекбаевтыӊ айтуынша, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарыныӊ алдын алу бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Ир қылмыстық істіӊ тергелу қорытындысымен мемлекеттік органдардыӊ еӊбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтыӊ себептері мен жағдайларын жою және оны болдырмау мақсатында ұсыныстар қаралады. Елімізде мұндай кездесулер Агенттіктіӊ, жұртшылық және БАҚ өкілдерініӊ қатысуымен тұрақты түрде жүргізілуде.

Ағымдағы жылдыӊ басынан бері мемлекеттік органдар мен ұйымдарға 588 ұсыныс енгізілді. Оларды қарау нәтижесінде, 517 лауазымды тұлғалар әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

"Бүгін құқық қорғау жүйесін оӊтайландыру шеӊберінде, құқық қорғау органдары арасында оныӊ аздығына қарамастан Ұлттық бюроныӊ құрылымыноптимизациялау бойынша жұмыстар басталды.

Қазіргі күні аймақаралық басқармаларыныӊ қызметі қарастырылуда, басқару буын саны қысқаруда, бизнес-процестер автоматтандырылып, жаӊа ІТ-технологиялар енгізілуде. Бұныӊ барлығы қызметкерлердіӊ жалақыларын көтеру мен қызметтіӊ тиімділігініӊ артуына мүмкіндік береді." - деді Алик Шпекбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны