19.05.2020, 18:13 4003

Барлық мемлекеттік органдардың конкурстық комиссияларының отырыстарына тәуелсіз бақылаушылар қатысады

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес кандидаттардың әрқайсысымен әңгімелесу техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады, кандидаттардың өздері де әңгімелесу барысын жазуға құқылы.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу ҚР заңнамасын білуге тестілеуден өтуден, жеке қасиеттерін бағалаудан және мемлекеттік органда әңгімелесуден тұрады.

Тестілеуге тіркелу рәсімі egov.kz электронды үкімет порталы арқылы толық автоматтандырылған.

Сонымен қатар, тестілеу залында үнемі бейнебақылау жүргізіледі, ұялы байланысты бұғаттаушы құрылғы орнатылды, әрбір компьютер үміткердің суретін түсіру және тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталған. Тестіленуші адамдарға тестілеу залына ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды енгізуге жол берілмейді.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызметке әлеуетті кандидаттардың ішінде заңнаманы білуге арналған тестілеудің шекті мәнінен - 51%, жеке қасиеттерді бағалаудан - 89% өтті. Бұл көрсеткіш қолданыстағы конкурстық іріктеу жүйесінің неғұрлым құзыретті мамандардың мемлекеттік қызметке кіруін қамтамасыз ететінін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкес кандидаттардың әрқайсысымен әңгімелесу техникалық бейнежазба құралдарының көмегімен жазылады, кандидаттардың өздері де әңгімелесу барысын жазуға құқылы.

Барлық мемлекеттік органдардың конкурстық комиссияларының отырыстарына тәуелсіз бақылаушылар қатысады.

Өңірдегі әрбір екінші бос лауазымға орналасуға өткізілген конкурсқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.

Осылайша, бүгін үміткерлермен әңгімелесу және тестілеу процесінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылданды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны