30.03.2012, 10:43 3647

Барселонада наразылық акциясының арты қақтығысқа әкеп соқты

Полиция резинадан жасалған оқ пайдалануға мәжбүр болған. Изірге зардап шеккендер туралы хабар түспеді.

Астана. 30-наурыз. Kazakhstan Today - Барселонада наразылық акциясының арты қақтығысқа әкеп соқты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бейсенбіде Барселонада манифеске шыққандар полициямен қақтығысып қалды, деп хабарлады Каталонияның ішкі істер министрлігі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, полиция резинадан жасалған оқ пайдалануға мәжбүр болған. Изірге зардап шеккендер туралы хабар түспеді.

Испанияда бейсенбіде жария етілген жалпыұлттық ереуіл шеңберінде наразылық акциясы Барселонада өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны