24.01.2018, 15:19 4175

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер ШҚО және Қарағанды облысыныӊ тұрғындары арасында А гепатитімен сырқаттанушылық бойынша жағдайға түсінік берді

Қазір Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында А вирустық гепатитініӊ расталған диагнозымен 24 науқас ем алуда, оныӊ ішінде 14-і оқушы және 10-ы ересек адам.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 23 қаӊтарда Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшинніӊ қатысуымен Шығыс Қазақстан облысыныӊ Шолпан селосында және Қарағанды облысында орын алған А гепатитімен сырқаттанушылық жағдай және А гепатитініӊ алдын алу және емдеу мәселелері бойынша брифинг өтті.

Жандарбек Бекшин Шығыс Қазақстан облысы Шолпан селосыныӊ және Қарағанды облысыныӊ тұрғындары арасында А гепатитімен сырқаттанушылық бойынша жағдайға түсіндірме беріп, журналистердіӊ көптеген сұрақтарына жауап берді.

Еліміздіӊ Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерініӊ айтуынша, бүгінгі күнгі жағдай бойынша (2018 жылғы 3 қаӊтардан бастап) Қарағанды облысында мектеп оқушылары мен ересек тұрғындары арасындаА гепатитімен сырқаттанудыӊ30 жағдайы тіркелген. Ауырғандардыӊ барлығы, әр түрлі елді мекендердіӊ (Қарағанды қ., Саран қ.,Абай және Шет аудандары) тұрғындары және әр түрлі мектептіӊоқушылары (Қарағанды қ. №58, Теміртау . №5, Шахтинск қалалық №26) болып табылады.

Қазір Қарағанды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында А вирустық гепатитініӊ расталған диагнозымен 24 науқас ем алуда, оныӊ ішінде 14-і оқушы және 10-ы ересек адам. Сонымен қатар, Теміртау қаласыныӊ орталық ауруханасында 6 оқушы емделуде. Қазіргі уақытта аталған мектептердебайланыста болған балаларға вакцинация жүргізіледі, 100-ден астам оқушы егілген. Барлық ауырған адамдар ерте кезеӊде байланыс ошағын тексеру барысында анықталғанын айта кету керек.

Жандарбек Бекшин А гепатитімен жеӊіл түрімен ауыратын науқастар анықталған білім беру мекемелерініӊ ұжымдары уақытша оқшаулауды талап етпейтіндігін атап өтті. Мұқият кәсіби қадағалау қамтамасыз етілген, санитариялық іс-шаралар (дезинфекция және т. б.) қолданыстағы нормалар мен стандарттарға сәйкес күшейтілді.

Шығыс Қазақстан облысындағы жағдайларға қатысты орын алған жағдайды тексеру мақсатында комиссия құрылды, оныӊ құрамында С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ балалар жұқпалы аурулар кафедрасыныӊ доценті, тәуелсіз сарапшы-патологоанатом, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығыныӊ Эпидемиологиялық қадағалау департаментініӊ директоры және ҚР ДСМ ҚДСК Эпидемиологиялық қадағалау басқармасыныӊ басшысы жұмыс істеді.

2017 жылғы қыркүйектен бастап Үржар аудандық ауруханасыныӊ инфекциялық стационарында А вирустық гепатиті диагнозымен 12 науқас емделді. Одан басқа, Шолпан селосыныӊ дәрігерлік амбулаториясында А вирустық гепатиті диагнозымен шұғыл хабарлама берілген 19 науқас амбулаториялық ем алды.

Осылайша, Шолпан селосыныӊ тұрғындары арасында А вирустық гепатитіныӊ 31 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ олардыӊ жұмысы барысында Шолпан селосындағы алғашқы жағдай 2017 жылғы 12 қыркүйекте тіркелгендігі анықталды. А вирустық гепатит ауруыныӊ көзі 2017 жылғы тамыз айында селоға келген Семей қаласыныӊ азаматшасы.

Сонымен қатар, соӊғы деректер бойынша А вирустық гепатитіне деген күдікпен тағы 2 науқас Үржар аудандық ауруханасыныӊ инфекциялық стационарына түсті. Қазір уақытта оларға қатысты зертханалық тексеру жүргізілуде.

Үржар ауданындағы өлім-жітім жағдайына қатысты, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы аурулар кафедрасыныӊ доценті, м.ғ.к. М. В. Головенконыӊ қорытындысына сәйкес вирустық гепатиттіӊ жіті түрінен қайтыс болды делінген.

Барлық байланыста болғандарға апта сайынғы медициналық бақылау орнатылды. Оқу орындарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.Қазіргі уақытта мектепте оқушыларбөтелкеге құйылған ауыз суды пайдаланады. Барлық бұқаралық мәдени-спорттық іс-шаралар және оқытудыӊ кабинеттік жүйесі тоқтатылды.Қазіргі уақытта, 2017 жылы А вирусты гепатиті диагнозы қойылған Шолпан селосыныӊ барлық науқастары сауығып емделіп шықты.

Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігініӊ тұрақты бақылауында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны