21.06.2007, 16:57 3858

Бас прокуратура 123 жоғары оқу орындары мен филиалдарының лицензияларын қайтарып алу жөнінде ұсыныс енгізді

АСТАНА. 21-маусым. Kazakhstan Today. ҚР Бас прокуратурасы 123 жоғары оқу орындары мен филиалдарының лицензияларын қайтарып алу жөнінде ұсыныс енгізді. Бұл туралы осы мекеменің ресми өкілі сапарбек Нұрпейісов бүгнін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, жақында Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Білім беру министрлігінің бірлесіп жүргізген тексеруі аяқталған.

Осы тексеру барысында прокуратура органдары жоғары білім беретін екі жүз елу екі оқу орындарындағы заңдылықтың жай-күйін тексерді.

"Тексерістің алдын ала қорытындысы бойынша прокуратура органдары анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде 7 наразылық және 22 ұсыныс енгізді. 16 әкімшілік өндіріс қозғалып, 3 талап арыз берілді",- деді С.Нұрпейісов.

Одан басқа, біз Білім беру министрлігінің алдына жүз жиырма үш жоғары оқу орындары мен филиалдарының лицензияларын қайтарып алу немесе тоқтату жөнінде мәселе қойып, 18 ұсыныс енгізілген.

Жоғары оқу орындарында оңтайландыру ісі қолға алынды.

Жабылуға тиіс жоғары оқу орындарындағы студенттер саны төрт жарым мың адамды құрайды. Олардың көпшілігі сырттай оқитын студенттер, ұзын саны үш жарым мыңнан астам.

Қазіргі оңтайландыру үдерісі жалпы алғанда сексен сегіз мыңға жуық білім алушыларды қамтиды.

Тексерістің жалпы қорытындысы білім беру сапасының едәуір нашарлағанын көрсетіп берді, бұл жәйт әсіресе жоғары оқу орындары желілерінің филиалдарында етек алып кеткен үрдіс болып отыр.

Жабылуға тиісті осындай филиалдарда оқитын студентердің жалпы саны алпыс бір мың бес жүзге жуық адамды құрайды.

Осы тексеріс кезінде республикада жоғары оқу орындарының сексен бір филиалы жұмыс істеп тұрды, алайда олардың көбісі білім берудің стандартына және мамандық талаптарына сай келмейді, оларда осындай оқу орындары үшін белгіленген ережелер үлгісі сақталмаған.

Сонымен қатар лицензиясыз жұмыс істеген филиалдар да анықталды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тексеру барысында республикада жүз жетпіс алты жоғары оқу орны болды. Олар: 9 ұлттық, 35 мемлекеттік, 11 акционерлік, 14 азаматттық емес, 107 жеке меншік, сонымен қатар Ресей Федерациясының 5 жоғары оқу орындарының филиалдары.

Алайда аумақтық әділет органдарында тіркелген білім беру қызметін көрсететін ұйымдардың саны бұдан едәуір көп.

Мысалы, тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана 76 жоғары оқу орны, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген болса, олардың қырық бірі мүлдем жұмыс істемейді.

Қостанай облысында тіркелген отыз жоғары оқу орнының он тоғызы жұмыс істемейді.

Тексеру барысында салықтан жалтару фактілері де анықталды.

Кейбір жоғары оқу орындарында мемлекеттік сатып алу жөніндегі заң бұзушылықтар да анықталды.

Сонымен қатар, тексеру барысында Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде шекті деңгейге жетпеген студенттер жоғары оқу орындарына қабылданғаны туралы да фактілер анықталды. Кейбір мектеп түлектері тіпті ұлттық бірыңғай тестіден өткені жөніндегі сертификат бермей-ақ студент атанған.

Тексеріс нәтижесіне орай Жоғары білім беру жүйесінің сүреңсіз келбетін көрсетіп берген осы тексеріс нәтижелерін есепке ала отырып Бас прокурор облыс және оларға теңестірілген прокурорларға жоғары оқу орындары тарапынан болған әр заң бұзушылық фактісіне бірден назар аударып, аумақтық білім беру органдарының қызметіндегі заңдылықты қатаң қадағалап отыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны