18.05.2017, 14:42 4434

Бас прокуратура Қызылорда көлік прокуроры Нұрлан Серікбаевтыӊ ұсталуына қатысты түсінік берді

"Сонымен қатар Серікбаевты ұстау жөніндегі операцияға ҰҚК мен бірге Бас прокуратураныӊ өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері белсене қатысты. ҚР ҚПК-ніӊ 201 бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылордадағы көлік прокуроры Нұрлан Серікбаевтыӊ ұсталуына байланысты Бас прокуратура түсінік берді.

"Осыған дейін Қызылорда облысыныӊ аумағында мұнай және мұнай өнімдерін заӊсыз сатып алуға, тасымалдауға, сақтауға және сатуға қатысы бар бірнеше қылмыстық топ әрекетініӊ жолын кесу бойынша арнайы операция барысында Қызылорда көлік прокуроры Нұрлан Серікбаевтыӊ ұсталғандығы хабарланған еді. Нұрлан Серікбаев 2017 жылы 25 сәуірде берген рапортына сәйкес ҚР прокуратура органдарынан шығып кеткен", - деп хабарлайды БАС прокуратураныӊ баспасөз қызметі.

"Сонымен қатар Серікбаевты ұстау жөніндегі операцияға ҰҚК мен бірге Бас прокуратураныӊ өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері белсене қатысты. ҚР ҚПК-ніӊ 201 бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Осыған дейін 16 мамырда ҰҚК мен ІІМ бірігіп арнайы операция өткізгендігі туралы хабарланған еді.

"Қызылорда, Тараз және Шымкент қалаларында ведомствоаралық жедел-тергеу топтарыныӊ мүшелері бір мезгілде заӊсыз іске қатысы бар 8 адамды ұстады, олардыӊ тұрғылықты жерлері бойынша және оларға үлестес кәсіпорындарда, оныӊ ішінде "КАИС-сервис" ЖШС-да (Қызылорда қаласы, асфальт өндіру зауыты және мұнай құю терминалы), "Қарамай Ойл" ЖШС (Тараз қаласы, мұнай құю терминалы) 21 тінту іс-шарасын жүргізді", - делінген ҚР ҰҚК таратқан ақпаратта.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы операция барысында қылмыстық мұнай бизнесіне қолдау көрсетті деген күдікпен Қызылорда көлік прокуроры Нұрлан Серікбаевтыӊ ұсталғандығын хабарлаған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны