02.09.2015, 15:31 4015

Бас прокуратура пара алғаны үшін сотталған М.Оспановтыӊ болашақта мемқызметке оралуына қатысты дауға нүкте қойды

Жуықта бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында пара алғаны үшін сотталған Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов 7 жылдан кейін мемлекеттік қызметке қайта оралады-мыс деген ақпарат жарияланған-ды

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Жуықта бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында пара алғаны үшін сотталған Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ бұрынғы төрағасы Мұрат Оспанов 7 жылдан кейін мемлекеттік қызметке қайта оралады-мыс деген ақпарат жарияланған-ды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл оқырмандардыӊ арасында даулы сұрақтыӊ өрістеуіне себеп болған. Сондықтан, еліміздіӊ Бас прокуратурасы ресми сайтында бұл қаӊқу әӊгімелерге қатысты түсініктеме беріп отыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Бас прокуратура осы жағдайды түсіндіріп өтуді жөн көрді. 2015 жылдыӊ 23 шілдесінде Астана қалалық сотыныӊ кассациялық сатысы М.Оспанов адвокатыныӊ сот шешімімен келіспейтіні туралы өтінішін қарады. Бұл ретте, негізгі жаза ретінде берілген үкім, яғни айыппұл салу үкімі өзгеріссіз қалды да, қосымша жаза - өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайтын жаза өзгерді. Бұл мерзім жеті жылға дейін қысқартылды",-делінген Бас прокуратураныӊ ақпаратында.

"Неге мұндай шешім қабылданды? Бұл сыбайлас жемқорлар үшін мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыруды енгізген, биыл қабылданған жаӊа Қылмыстық Кодекске байланысты қылмыстық заӊныӊ сотталған адамныӊ жағдайын нашарлатуға жол бермеу бөлігіндегі талаптарына сәйкес қабылданған шешім. Оспанов қылмысты бұрынғы қылмыстық заӊ әрекет еткен кезеӊде, яғни, мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан максималды айыру жеті жылға дейін қарастырылған кезде жасады. Істі қайта қарау кезінде жоғарыда айтылған сот қылмыстық құқықтыӊ негізін қалайтын - сотталған адамныӊ жағдайын нашарлатуға жол бермеу туралы принципін негізге алды. Сотталған адамныӊ жағдайын нашарлататын заӊныӊ кері күші жоқ екені баршаға мәлім. Сөйтіп, жоғарыда айтылған сот шешімімен жаза заӊды түрде Оспанов қылмыс жасаған мезетте қолданыстағы Қылмыстық кодекспен сәйкес келтірілді", деп түсіндіреді құзырлы орган.

"Алайда, бұл осы азамат жеті жылдан кейін мемлекеттік қызметке қайтып келе алады дегенді білдірмейді. Себебі, "Мемлекеттік қызмет туралы" Заӊныӊ 10-бабыныӊ 4-тармағы 6-2-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны және сол үшін сотталған адамды мемлекеттік қызметке ешқашан қабылдауға болмайды. Сондықтан, көрсетілген мемлекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығын 7 жылға шектейтін сот шешіміне қарамастан, Оспанов қолданыстағы Мемлекеттік қызмет туралы Заӊға сәйкес мемлекеттік органдардағы қандай да бір лауазымды иеленуге тіпті, ешқашан үміттене де алмайды",-делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны