28.04.2016, 12:25 4442

Бас прокуратура шетелге жер сатылатыны туралы сыбыс таратқандарға қатаӊ ескерту жасады

Осы аптада әлеуметтік желілерде шетелдіктерге жер сатылатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бас прокуратура мұндай жалған ақпаратты таратушыларды тауып, жазаға тартатынын мәлімдеді

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Осы аптада әлеуметтік желілерде шетелдіктерге жер сатылатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бас прокуратура мұндай жалған ақпаратты таратушыларды тауып, жазаға тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Бас прокуратура соӊғы кездері БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде ауылшаруашылық жерлері шетелдіктерге сатылады деген арандатушылық мақсаттағы жалған ақпарат тараған. Бұл әрекеттерде ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық тудыру белгілері бар. Осыған байланысты бас прокруатура ескертеді: бұл әрекеттер заӊды өрескел бұзу болып табылады және кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", - дейді құзырлы мекеме, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Елдіӊ жоғарғы бақылу органы ретінде Бас прокуратура барлық тұлғаларды мұндай әрекетке бармауға шақырды.

"Бүгінде барлық азаматтарға айтарым, әсіресе, журналистер мен желі парақшаларыныӊ иелеріне, заӊды бұзбауларыӊызды сұраймын", - дейді Бас прокуратураныӊ жаӊа басшысы Жақып Асанов.

Бас прокуратура прокурорлық бақылауды күшейтетінін алға тартты.

"Мен прокуратураныӊ барлық аймақтық органдарына бұл саладағы құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтап, оларға тосқауыл болуды тапсырдым. Құқық қорғау органдары жедел түрле кінәлілерді тауып, қылмыстық жауапкершілікке дейін тартатын болады", - дейді Асанов.

Еске салсақ, Қазақстан президенті де шетелдіктерге жер сатылады деген ақпарат таратқан арандатушыларды жазалау керектігін мәлімдеген болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны