19.05.2017, 15:54 6577

Бас прокуратурада Азаматтарды қабылдау орталығы ашылды

Орталық бұрынғы бақылау-өткізу пунктініӊ орнында бой көтеріп, "бір терезе" принципі негізінде жұмыс жасауда. Онда кезекші прокурорлар азаматтарды қабылдауын жүргізеді, сондай-ақ, кеӊес беріп, өтінішерді жазу барысында көмек көрсетеді.

Астана. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Бас прокуратурада Азаматтарды қабылдау орталығыныӊ ресми түрде ашылу салтанаты өтті.

Орталық бұрынғы бақылау-өткізу пунктініӊ орнында бой көтеріп, "бір терезе" принципі негізінде жұмыс жасауда. Онда кезекші прокурорлар азаматтарды қабылдауын жүргізеді, сондай-ақ, кеӊес беріп, өтінішерді жазу барысында көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, азаматтарды барлық деӊгейдегі прокуратура басшыларыныӊ қабылдауына жазылуға мүмкіндік көзделген. Азаматтар өтініштерініӊ қаралу барысы жайлы ақпарат пен жауаптардыӊ көшірмелерін ала алады.

Орталыққа Бас Прокурордыӊ аға көмекшісі Сағатбек Сүлеймен басшылық жасайды.

Азаматтарды қабылдау орталығы күту орындарымен және электрондық кезекпен жабдықталған.

Келушілердіӊ жайлылығы үшін кофе-аппараты мен диспенсер орнатылған. Сонымен қатар залда қабылдау кестесі мен ережелері, сондай- ақ, өтініштердіӊ үлгісі бар ақпараттық тақтайшалар ілінген.

Орталық жұмысын қонақтарға таныстыру барысында С.Сүлеймен: "Бас Прокурор Жақып Асановтыӊ тапсырмасымен ағымдағы жылдыӊ сәуірінен бастап тестілік режимде жұмыс жасай бастаған Азаматтарды қабылдау орталығы құрылды. Біз бүгін ресми түрде оныӊ тұсауын кесіп отырмыз. Бұл халықпен жұмыс жасаудыӊ сапасын жақсартудағы қадамдардыӊ бірі және бірегейі болып табылады. Жылдыӊ аяғына дейін өӊірлерде де осыған ұқсас жағдай жасауды жоспарлап отырмыз",- деп атап өтті.

Сонымен қатар АЕАжҚС комитетініӊ төрағасы Бағдат Мусин орталық құру туралы ойдыӊ жүзеге асқаны туралы кеӊінен тарқата өтті.

"Біздіӊ қызметкерлер осы кеӊістікті еӊ алдымен өздері сезінуі тиіс. Халыққа қызмет көрсету орталықтары секілді біз халыққа қызмет етуіміз керек, бұл үшін сервистік ахуал қалыптастыруымыз қажет және 2 прокурорларда осыған бет бұрғаны жөн. Жақын арада іске қосылатын Құқық қорғау қызметініӊ орталығында да сервистік жетілдіруді ұсынатын боламыз", - деді Б.Мусин.

ҚР Бас прокуратурасыныӊ 115 сall-орталығы да жаӊартулардан тыс қалмады, бизнес-процестер жетілдіріліп, персонал оқу курстарына өтті.

"Біз қызметімізді белсенді түрде жетілдіріп келеміз, әсіресе, азаматтардыӊ өтініштерімен жұмыс жасауға қатысты, оныӊ ішінде 115 сall-орталығы арқылы келіп түскендерді қоса алғандағы азаматтардыӊ өтініштерімен жұмыс бойынша. Өткен жылы 73 мыӊнан аса қоӊыраулар қабылданды, олардыӊ әрқайсысы біз үшін өте маӊызды және әрбір өтініш мұқият зерделенді", - дейді Бас прокуратураныӊ Арыз-шағымдарды қарау туралы заӊдардыӊ қолданылуына қадағалау және іс жүргізу басқармасыныӊ бастығы Жанболат Туғанбаев.

Орталық жұмыс күндері, дүсенбі-жұма аралығында сағат 9.00- ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс 13.00-14.30) келушілерге ашық. Астана қаласы, Мәӊгілік Ел даӊғылы 14, Бас прокуратураныӊ ғимаратында орналасқан,- деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны