26.02.2018, 17:24 4331

Бас прокуратураныӊ үйлестіру кеӊесінде қылмыстық заӊнаманы ізгілендіру мәселесі талқыланды

Бүгінгі таӊдағы сот-тергеу тәжірибесін талқылаған қатысушылар ведомствоаралық іс-қимылды күшейтудіӊ маӊыздылығын атай отырып, азаматтардыӊ қорғалуы мен қауіпсіздік деӊгейін төмендетпей, құқық қорғау қызметін әрі қарай ізіглендіруге бағытталған кешенді іс-шараларды әзірледі

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 22 ақпанда Бас прокуратурада Заӊдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеӊесінде қамауға алу мен бас бостандығынан айыруға баламалы бұлтартпау шаралары мен жазаларын қолдану саласын кеӊейту, сондай-ақ қылмыстық заӊнаманы бұдан әрі ізгілендіру мәселелері талқыланды.

Бұл мәселеніӊ өзектілігі Мемлекет басшысыныӊ Жолдауын құқық қорғау қызметін одан әрі ізгілендіру бөлігінде жүзеге асырумен байланысты.

Шараға Конституциялық Кеӊестіӊ төрағасы Қайрат Мәми, Жоғарғы Соттыӊ төрағасы Жақып Асанов, Президенттіӊ көмекшісі - Қауіпсіздік Кеӊесініӊ хатшысы Владимир Жұмақанов, Президент Икімшілігі басшысыныӊ орынбасары Талғат Донақов және Үйлестіру кеӊесініӊ мүшелері қатысты.

Бүгінгі таӊдағы сот-тергеу тәжірибесін талқылаған қатысушылар ведомствоаралық іс-қимылды күшейтудіӊ маӊыздылығын атай отырып, азаматтардыӊ қорғалуы мен қауіпсіздік деӊгейін төмендетпей, құқық қорғау қызметін әрі қарай ізіглендіруге бағытталған кешенді іс-шараларды әзірледі.

Бас бостандығынан айыруға баламалы бұлтартпау шараларыныӊ қолдану аясын кеӊейту мүмкіндіктері қаралды: қылмыс бойынша қоғамдық жұмыстар мен бірқатар экономикалық, лауазымды және мүлікке байланысты қылмыстар бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларды енгізу, сонымен қатар айыппұл мен кепіл мөлшерін азайту.

Кеӊес барысында бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін қараған кезде күдікті мен айыпталушыны сипаттайтын мән-жайлар жиынтығын, және де жасалған әрекетке сай келуін ескере отырып,жекелей түрде қарау қажеттілігіне құқық қорғау органдарыныӊ назарын аударды.

Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес бұлтартпау шараларын кеӊінен және бірыӊғай қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Бас Прокурор қылмыстық қудалау органдары басшыларыныӊ және облыс прокурорларыныӊ атына Нұсқау дайындады.

Үйлестіру кеӊесініӊ қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны