05.10.2007, 14:53 2452

Бәсекелестікті қорғау комитеті цемент өндірушілердің іс-қызметінен монополиялық ымыраластықты анықтады

Бәсекелестікті қорғау комитеті цемент өндірушілердің іс-қызметінен монополиялық ымыраластықты анықтады

Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті тексеру жүргізу барысында цемент өндірушілердің іс-қызметінен монополиялық ымыраластықты анықтады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Комитет "Хайдельберг Восток Цемент" және "Семей" Цемент зауыты" компанияларының 2005 - 2006 жылдар аралығындағы іс-қызметінде ымыраластық пен келіскен іс-әрекеттерге қатысты тексеру жүргізген болатын",- деп хабарлады бүгін баспасөз мәслихатында Бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Илиакпар Матишев.

"Біз тексеру жүргізу барысында, аталмыш компаниялардың өз өнімдеріне тікелей тұтынушылардың қол жеткізуін шектеп, өнімдерін сататын компанияларды таңдап қана анықтағандығын, сондай-ақ әртүрлі келісім қатынастарын қолданып, келісілген әрекеттерге барғандығы белгілі болды, бұл антимонополиялық заңды бұзу болып табылады",- деп хабарлады ол.

И. Матишев сондай-ақ, Бәсекелестікті қорғау комитеті анықталған заң бұзушылықтарға қатысты аталмыш компанияларға, яғни "Хайдельберг Восток Цемент" компаниясына 107 млн теңгеден астам сомада және "Семей" Цемент зауыты" компаниясына 120 млн теңгеден астам сомада айыппұл салғандығын атап өтті.

"Компаниялар өз кінәларын толық мойындап, біздің салған айыппұлымызды бюджетке толық көлемде төледі",- деп қосты И. Матишев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны