05.10.2007, 17:47 3002

Бәсекелестікті қорғау комитеті үстіміздегі жылдың қазанында Бәсекелестікті қорғау агенттігі болып өзгертілуге тиіс - БҚК төрағасы

Бәсекелестікті қорғау комитеті үстіміздегі жылдың қазанында Бәсекелестікті қорғау агенттігі болып өзгертілуге тиіс - БҚК төрағасы


Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті үстіміздегі жылдың қазанында Бәсекелестікті қорғау агенттігі болып өзгертілуге тиіс. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы Илиакпар Матишев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бәсекелестікті қорғау агенттігін құру туралы үкімет қаулысына қол қойылып қойған, регламенттеу жөніндегі аталмыш қаулыға елбасы қол қоюға тиіс, содан кейін Бәсекелестікті қорғау агенттігі құрылды деп санауға болады",- деді И. Матишев.

"Мен, үстіміздегі жылдың қазан айында мұндай агенттік болады, деп айта аламын, яғни комитет жойылып, оның орнына агенттік құрылады",- деп нақтылады ол.

И. Матишевтың пайымдауынша, мұндай өзгерту нәтижесінде монополияға қарсы құрылымда "мәселелерді шешуде дербестік пен жеделділік пайда болады, себебі жаңа агенттіктің функцияларының бірі мемлекеттік органдардың іс-қызметін бақылау және мемлекеттік органдардың шешімінің күшін жою болып табылады".

Бұрын хабарлағанымыздай, 26 қыркүйекте, Илиакпар Матишев журналистерге берген сұхбатында осы күні Қазақстан Республикасының премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанда бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік құру туралы қаулыға қол қоятындығы туралы айтқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны