23.04.2013, 11:29 3670

Баспана алу үшін интернет арқылы өтініш тапсыруға болады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін интернет арқылы өтініш беруге мүмкіндік беретін бағдарламаны таныстырды.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Баспана алу үшін интернет арқылы өтініш тапсыруға болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында "Қолжетімді баспана-2020" мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін интернет арқылы өтініш беруге мүмкіндік беретін бағдарламаны таныстырды.

"Халыққа пәтер өткізу жолдарын қарастыру кезінде жылжымайтын мүлік қоры осы мәселедегі халықаралық тәжірибені зерттеді. Бүгінде көп өтінімді өңдеудің тиімді жолы - интернет технологияларды пайдалану болып табылады.

Сондықтан бағдарламаны жүзеге асыруда интернетті пайдалануды жөн деп шештік. Бұл ең үлкен мәселе - кезек мәселесін реттейді", - деді баспасөз мәслихаты барысында "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов.

Ол бұл бағдарламаны іске асыру нәтижесінде адам факторы толық жойылып, барлығы электрондық форматта жүзеге асырылатынын атап өтті.

"Өтініш бергендердің толық тізімі жасалып, барлық құжаттар жиналғаннан кейін келісім-шарт жасалады. Ир адам аталмыш бағдарламаға тек бір рет қана қатыса алады", - деді ол.

Палымбетовтың айтуынша, бұл интернет бағдарлама әлі жетілдіріледі. Онлайн-өтініштер тұрғын үй пайдалануға берілетін уақыттан үш ай бұрын қабылдана бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны