19.04.2011, 13:12 4378

Баспасөз баяны

Сейсенбі 19-сәуір күні сағат 12.00 Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің халықарылық баспасөз орталығында (Республика алаңы, 13 үй) "Қорғаныс министрлігі 2004 жылдан 2011 жылға дейін өздерінің әскери қалашықтарына берілген жылу үшін 1,5 млрд теңге көлемінде ақы төлемеген" атты баспасөз мәслихаты өтті.

Сейсенбі 19-сәуір күні сағат 12.00 Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің халықарылық баспасөз орталығында (Республика алаңы, 13 үй) "Қорғаныс министрлігі 2004 жылдан 2011 жылға дейін өздерінің әскери қалашықтарына берілген жылу үшін 1,5 млрд теңге көлемінде ақы төлемеген" атты баспасөз мәслихаты өтті.

Мазут тасымалдауды жүзеге асырушы компания заңгерінің ақпараттарына сүйенсек, "Қолдау" РМК қарызын өтеу туралы сот шешімдерін орындалмай келеді.

Анықтама

Үкіметтің № 1208 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің "Қолдау" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының негізгі қызметі - мемлекеттік тапсырыстарды орындау жолымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің инфрақұрылымын жетілдіру, тіршілікті қамтамасыз ету, электр қуатымен, сумен және жылумен қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Табиғи моноплияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылдың 24-қаңтарындағы "Табиғи монополиялардың субъектілерін мемлекеттік тіркеудің республикалық бөлімі туралы" № 16 бұйрығына сәйкес ҚР ҚМ "Қолдау" РМК табиғи монополия субъектісі болып табылады.

2010 жылдың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ҚР ҚМ "Қолдау" РМК 13 бөлімшесі және 1 өкілдігі, атап айтқанда - Ақмола; - Алматы; - Аягөз; - Гвардиялық; - Жамбыл; - Қарағанды; - Қапшағай; - Семей; - Сарыөзек; - Үшарал; - Өскемен; - Шымкент; - Щучинск бөлімшелері мен Алматы қаласындағы "МТЖ базасы" өкілдігі жұмыс істеген:

"Жоғарыда көрсетілген мәліметтердің барлығы, әрине ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-на деген шексіз сенімді туғызады",- деп айтылған компанияның БАҚ-на жолдаған жолдауында.

ҚР ҚМ "Қолдау" РМК қызметінің мысалдарының бірі.

2008 жылдың 29-желтоқсанында "ҮшОйл" ЖШС мен ҚР ҚМ "Қолдау" РМК арасында мазутты сақтау жауапкершілігі жөнінде келісім шарт жасалады. Келісім шарт бойынша ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-ны "ҮшОйл" ЖШС-нен мазутты қабылдап алуға, сақтауға және ЖШС бірінші талабы бойынша оны қайтаруға міндеттеледі, ал "ҮшОйл" ЖШС Келісім шарт мерзімі біткенге дейін Мазутты сақтау жауапкершілігін алғаны үшін Мазуттың жалпы көлемінің 1 пайызын төлеуге міндеттеледі.

Осыдан кейін, "ҮшОйл" ЖШС мен ҚР ҚМ "Қолдау" РМК арасындағы қатынас келесідей белең алады: 2009 жылдың 21-қаңтарында "ҮшОйл" ЖШС-нің президенті Ю. Г. Ушаковтың атына ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-нан мекеменің бас директорының уақытша міндетін атқарушы А. Икетавтің қолы қойылған хат келіп түседі.

Хатта "ҚР ҚМ "Қолдау" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны туындаған қиын жағдайға байланысты Сізге хат жолдайды. Тасымалдаушы "ТрансАзияНефть" ЖШС келісім бойынша мазуттың жеткізілмеген бөлігін жеткізуден бас тартып отыр. Мазутты жеткізудің мерзімінен кешігуі жылу беру кезеңінде қиындықтар тудырып, жылу беру жүйесінде апаттың орын алуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Осыған байланысты Сізден сақтауға алынған мазутты пайдалануға рұқсат беруіңізді сұраймын" деп жазылады.

"Азаматтық жауапкершілікті сезіне отырып, туындаған күрделі жағдайда мемлекетке көмектесуге ниеттенген "ҮшОйл" ЖШС басшылығы ҚР ҚМ "Қолдау" РМК көмек көрсетуге шешім қабылдайды. Осыдан кейін сақтаудағы Мазут ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-на ең төменгі бағамен беріледі",- деп айтылған компанияның жолдауында.

"Біздің ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-на сенім білдіріп, көмек көрсетуіміздің салдарынан "ҮшОйл" ЖШС 179 432 440 тенге көлемінде қаржы тапшылығына тап болады. Бұл жағдай ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-ның келісім шарттағы өз міндеттерін орындамау, сонымен қатар тиісінше орындамау салдарынан туындап отыр.

Компания тарапынан ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-на да, ҚР Қорғаныс министрлігіне де орын алған жағдайды шешу үшін бірқатар өтініш те, хат та, шағым да жолданды. Біз бұған жауап ретінде ҚР ҚМ "Қолдау" РМК мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінен қазіргі уақытта ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-ның қаржылық қиыншылықтарды бастан кешіріп отырғандығы туралы, ал қарыз ҚР Қорғаныс Министрлігінен бюджеттік қаржы бөлінген жағдайда өтелетіндігі туралы жазылған хаттар алдық",- деп жазады бизнесмендер.

"ҚР Қорғаныс министрлігінің хатына сәйкес, ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-ның тасымалдаушылар алдындағы кредиторлық қарызы жақын арада ҚР Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік тапсырыс аясында ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-нің алдындағы қарызын өтеу есебінен өтелетіндігі хабарланған.

ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-нан да осы тектес хат келді. Хатта жылу беру кезеңінің басында ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-ны ҚР Қорғаныс министрлігінен мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін қаржы алатындығы туралы, және де ол қаржының өз қарыздарын жабуға жұмсалатындығы хабарланады.

Бірақ ҚР ҚМ "Қолдау" РМК өз міндеттерін орындамайды. ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғарада көрсетілген хатынан Кәсіпорын мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін ҚР Қорғаныс министрлігінен ақшалай қаржыны алғандығын көруге болады.

Оған дәлел - ҚР ҚМ "Қолдау" РМК ҚР Қорғаныс министрлігінің аудандық эксплуатациялық бөлімшелерінен 2010 жылдың үш айы үшін (ақпан-сәуір) 164 162 742,04 тенге көлеміндегі қаржы төлеген есепшоттар бар.

ҚР ҚМ "Қолдау" РМК өзінің қарыздарын өтеуге қатысты міндеттерін тиісінше орындамаған сәттен бастап "ҮшОйл" ЖШС қаржының жоқтығынан қайтарылмай отырған айналымдағы қаржысын толтыру үшін несие алуға мәжүбір болады. Бұл ЖШС кепілде тұрған мүлкінің банк меншігіне өтіп кетуіне әкеп соқтыру қаупін туғызады.

Сондай-ақ, Алматы қаласының ААЭС 2010 жылдың 24-мамырындағы және де Астана қаласының ААЭС 2010 жылдың 11-маусымындағы ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-нан "ҮшОйл" ЖШС пайдасына 189 019 219 тенге көлеміндегі жалпы қарыз сомасын өндіріп беру туралы шешімдері шығады. Аталмыш сот шешімдері бойынша атқару парағы алынып, 2010 жылдың 16-маусымы мен 20-қазанында Алматы қаласының Икімшілік сотының орындауына жіберіледі.

Бірақ қарызгердің мүлкін тәркілеуге бағытталған сот шешімін орындау әрекетін жүзеге асыру мүмкін болмайды.

Мысалға айтсақ, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығына сәйкес ҚР ҚМ ұсынысы негізінде ҚР ҚМ "Қолдау" РМК балансынан мемлекеттік мекеме - ҚР ҚМ аудандық эксплуатциялық бөлімшелерінің балансына 88 нысан өтіп кетеді.

ҚР соттарының шешімі бойынша қарыз сомасын жабуға болатын келесі нысандар да осындай жолмен ҚР ҚМ "Қолдау" РМК балансынан шығарылған.

Басқаша айтқанда, ҚР ҚМ "Қолдау" РМК мүлкін тәркілеуге жол бермеу мақсатында аталмыш мүліктер кез-келген сылтаумен шұғыл түрде басқа құрылым меншігіне өткен.

Қазіргі уақытта, ҚР ҚМ "Қолдау" РМК қарызы бойынша біріккен атқару өндірісінде жалпы сомасы шамамен 1 500 000 000 тенгені құрайтын 20-ға жуық өндіріс ісі бар.

"Біз ("ҮшОйл" ЖШС) өз хатымызды Президент Икімшілігіне де, Премьер-министрдің кеңсесіне де жолдадық, бірақ ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-ны аталмыш мекеменің құрылымында болғандықтан біздің барлық хаттарымыз ҚР Қорғаныс министрлігіне жіберіліп отырды.

Нәтижесінде біз ҚР Қорғаныс министрілігінен вице-министр Р. Комратовтың қолы қойылған үйреншікті жауап хаттар алып отырдық. Хаттарда ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-ның қаржылық қиыншылықтарды бастан кешіріп отырғандығы туралы, ал қарыз ҚР Қорғаныс Министрлігінен бюджеттік қаржы бөлінген жағдайда өтелетіндігі туралы хабарланған.

Сөйтсе де бізде ҚР Қорғаныс министрлігінің жылу беру кезеңіне орай әскери қалашықтар үшін жанармай сатып алуға ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-на қаржы бөлінгендігін дәлелдейтін дәлелдеріміз бар. Бірақ бұл қаражаттың да қайда кеткендігі беймәлім.

Аталған уақыт аралығында кәсіпорын бастықтары бірнеше рет ауысқан (таңқаларлығы сол, олардың барлығы Уақытша міндетін атқарушы болып жұмыс істеген). Бұл да тасымалдаушылар мәселесін шешуге себепші бола алмады".

Сөйтсе де, аталмыш жағдай ҚР ҚМ "Қолдау" РМК-ның басшыларын еш алаңдататын емес, кәсіпорын жоспарлы режимде жұмыс істеуде, жаңа мемлекеттік тапсырыстарды орындауда, Интернет-сайтта: www.koldau.kz 2010 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жария етті. Осыдан олардың барлық мүдделік танытқан тұлғаларды жаңа серіктестік құруға шақырып отырғандығын түсінуге болады.

Айта кетерлігі, Қазақстанның министрліктері мен ведомстваларындағы мұндай РМК жалпы саны 300-ге жуық.

Баспасөз мәслихатына қатысты сұрақтар бойынша - Мазут тасымалдаушы - нефтетрейдер компаниялар тобының өкілі Станислав Гребенниковқа хабарласуларыңызға болады, моб. тел. 8 701 760 73 71

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны