14.04.2011, 13:07 5694

Баспасөз мәслихаты туралы хабарландыру

Баспасөз мәслихаты туралы хабарландыру

Бүгін 14-сәуір күні сағат 10.30 "Интерконтиненталь Алматы" қонақ үйінде (J-BAR залы) "Қазақстанда халықарылық деңгейдегі заманауи онкологиялық орталық салынатын болады" деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді.

Қатерлі ісік ауруларына қатысты өткен халықаралық конференция барысында Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен жобасы болып табылатын жаңа онкологиялық орталықтың Қазақстанда салынуы талқыланды.

Оңтүстік Кореяның Үкіметі елімізге отандық онкологиялық қызметке арналған жалпы құны 4 миллион АҚШ долларынан асып жығылатын дигностикалық құрылғыларды қайтарымсыз негізде беріп, Қазақстандық дәрігерлерді теңдесі жоқ заманауи медициналық құрылғылармен жұмыс істеуге даярлауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қазақстандық мамандарды Оңтүстік Кореяның үлкен орталықтарында қабылдаушы тарап есебінен даярлау туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.

Баспасөз мәслихатына қатысушылардың тізімі:

1. Қайырбекова Салидат Зекенқызы - ҚР Денсаулық сақтау министрі

2. Мәсімов Қажымхан Қасымұлы - "Қ. Мәсімов атындағы сауықтыру орталығы" ЖШС Директоры

3. Арзықұлов Жеткерген Инесұлы - РМҒА Академигі, м.ғ.д., профессор, Қазақ Онкология және радиология ҒЗО Директоры

4. Hoo Geun Chun - President of Cancer Center

5. Tae Gyu Hwang - President of Inje University Haeundai Baik Hospital

6. Бердәлиев Дархан Илиұлы - Қазақстан Республикасының Оңтүстік Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

7. Че Сын Хо - Оңтүстік Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Баспасөз мәслихаты Оңтүстік Корея мамандарымен бірлесе отырып Қазақстан дәрігерлерінің онкология проблемалары жөніндегі Халықарылық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қ. Мәсімов атындағы Сауықтыру орталығы, Қазақ Онкология және радиология ҒЗО.

Қ. Мәсімов атындағы Сауықтыру орталығының көмегімен жүргізілу жоспарланып отырған конференция аясында қазақстандық онкологтардың тәжірибелерімен таныс үшін ерте диагноз қою және скрининг мәселелеріне, сонымен қатар, асқазан рагын, сүт бездері рагын, жатыр мойнындағы қатерлі ісікті, колоректальды ракты, простат рагын емдеудің заманауи аспектлеріне қатысты секциялық отырыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, балалар мен ересектер арасындағы қан ауруын емдеу және дер кезінде диагноз қоюға да үлкен көңіл бөлінеді.

Анықтама

2010 жылы Қазақстан Еуропаның онкологиялық мектебінің алдағы 5 жылда ТМД аумағындағы негізгі серіктесі ретінде таңдап алынған.

Қатерлі ісікке қарсы күрес жүргізуді күшейту аясында Қазақстан 2011 жылы UICC (Ракпен Күрес жөніндегі Халықаралық Агенттік) құрамына кірді.

2011 жылдың 31 қаңтарында Версаль сарайында ракқа қарсы Париж Хартиясына қол қою Қазақстанның онкологиялық қызметін дамытудағы жаңа қадам болды. Халықаралық ынтымақтастық аясында Еуропаның онкологтар мектебімен, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Франция, Жапония, Израиль, Австрия, Түркия және т.б. елдердің жетекші онкологиялық орталықтарымен стратегиялық серіктестік құру туралы келісім-шарт қабылданды.

2012 жылы Қазақстанда ТМД елдерінің онкологтарының VII съезін өткізу жоспарлануда.

Аккредитациялау мәселелері бойынша келесі телефондарға хабарласыңыз 258 36 96, +7 701 715 78 15, e-mail: [email protected]

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны