21.04.2011, 12:58 12435

Баспасөз мәслихаты туралы хабарландыру

Бейсенбі 21 сәуір күні сағат 10.30 Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің халықарылық баспасөз орталығында (Республика алаңы, 13 үй) "Медеу ауданының соты журналистерге қатысты ҚР БАҚ туралы Заңының нормаларына елемеушілік танытатын шешім шығарды" деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті.

Бейсенбі 21 сәуір күні сағат 10.30 Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің халықарылық баспасөз орталығында (Республика алаңы, 13 үй) "Медеу ауданының соты журналистерге қатысты ҚР БАҚ туралы Заңының нормаларына елемеушілік танытатын шешім шығарды" деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтті.

2011 жылдың 11 сәуірінде Алматы қаласы Медеу ауданының соты (судья Бейсенова) "Темекісіз" қоғамдық қоры мен "Денсаулық сақтауды дамытуды қолдау және жәрдемдесу орталығы" қоғамдық қорының және олардың басшыларының бірі Д Садықованың Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі мен "Спорт журнлаистерінің одағы" қоғамдық бірлестігінің үстінен түсірген арыз талабын қанағаттандырып, ақпараттық агенттікке ақпаратты жоққа шығару туралы мақала жария ету түрінде, ал "СЖО" ҚБ моральдық шығынды өтеу ретінде 250 мың теңге төлеу туралы шешім шығарды. Бірақ біздің пайымдауымызша судья Бейсенова "БАҚ туралы" заңына қайшы келе отырып, бүкіл журналистер қауымына қауіп төндіретін іске барып отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің жаңалықтар лентасында Қазақстандық журналистердің темекіге қарсы науқанға деп бөлінген жүздеген милион теңгенің мақсатты жұмсалып жатқандығына күмән туғызып отырғандығы туралы ақпарат жария етілген болатын. Бұл туралы Спорт журналистері одағының хатында айтылады.

Барлық ақпараттар көптеген қазақстандық БАҚ жария етілген, оны ешкім теріске шығармаған болатын. Ол бүгінгі күнге дейін анық ақпарат болатын. Бірақ судья Бейсенова бұл фактіні де жоққа шығара отырып, журналистердің өзіндік ой бостандығы мен оны айту құқығын, сонымен қатар БАҚ ресми хаттарды жария еткен жағдайда БАҚ иесін жауапкершіліктен босатуды қарастыратын "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заң талаптарын да жоққа шығарып отыр.

Сонымен қатар, Kazakhstan Today агенттігі мақаланы жария еткенге дейін бірнеше ай бұрын басқа да БАҚ-ы таратқан ақпаратты тек бүгінде ғана жалған және атқа кір келтіретін ақпарат ретінде таныған. Спорттық журналистер одағы ол ақпаратты өз хатында дәйексөз ретінде келтірсе, Kazakhstan Today агенттігі хат негізінде дайындалған ақпаратты жаңалықтар лентасында жария еткен.

Біздің елімізде ақпарат біреудің атына кір келтіреді деп танылғанға дейін анық ақпарат болып табылатындығы заңмен белгіленген. Бүгінгі күнде, судья Бейсенованың арқасында жағдай келесідей белең алған: бұрындары әртүрлі БАҚ-да жарияланған ақпарат жалған ақпарат деп танылмаған. Тек Медеу ауданы сотының шешімімен Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің жаңалықтар лентасында жария етілген дәл сол ақпарат жалған және атқа кір келтіретін ақпарат болып танылады.

Сөйтіп, қауіпті жағдай туындап отыр - судья Бейсенованың шешімі барлық бұқаралық ақпарат құралдарының қандай да бір ұйымның ресми хатынан дәйексөздер жария етуі, немесе басқа да БАҚ жария етілген ақпаратты қайталу жауапкершілікке тартылу тәуекелділігіне әкеп соқтыратындығына, журналистердің үстінен сотқа шағым түсірудің жаңа толқынын тудыратындығына себепші болуы мүмкін.

Ирине, біздің біреудің атына кір келтіретін құқымыз жоқ. Егер бұл шешім өз күшінде қалса - онда бұқаралық ақпарат құралдарын дәйексөздерді жария еткені үшін жауапкершілікке тарту әдетке айналуы сөзсіз.

Ал бұл жағдайда бірқатар БАҚ ішінен Kazakhstan Today агенттігін өз қалауларынша таңдап алған да, сотқа арыз талап түсірген.

Журналистер Заң мен Сот төрелігін сыйлайды және де оларға қатысты сот істерін қарау барысында қандай да бір жеңілдіктер беруді сұрамайды. Біздің қалауымыз біреу ғана - судьялар шешім шығару барысында қолданыстағы заңамалардың нормаларын сақтаса дейміз.

Медиа-қауымдастығының пайымдауынша, судьялардың Заңға деген түсініксіз еркін қатынасы ҚР БАҚ туралы Заңының талаптарын шүбәсіз орындап жүрген журналистердің үстінен жаңа арыз талаптардың қарша борауына әкеп соқтыруы мүмкін.

Иділет органдары қызметкерлерінің біліксіздігі мен құлықсыздығы елдегі бүкіл сот билігіне көлеңке түсіріп, заң щығару және атқару биліктерінің барлық ұмтылыстарын аяққа алғысыз етуі ықтимал. Барша Қазақстан халқы мен мемлекетінің орасан зор ұмтылыстары арқылы келген демократиялық құндылықтар мазақ етілді және де құнсыздану үстінде, деп айтудың да қажеті жоқ.

Баспасөз мәслихатының спикерлері:

Тамара Симахина - заңгер

Сергей Козлов - тәуелсіз журналист

Тимур Куватов - Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің бас редакторы

Баспасөз мәслихатына қатысты сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады 258 36 96, +7 701 715 78 15, e-mail: [email protected]

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны