10.01.2011, 16:01 3964

Бастамашыл топ президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қолдайтын 3,6 миллион қол жинаған

Бастамашыл топ президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды қолдайтын 3,6 миллион қол жинаған. Бұл туралы сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында бастамашыл топтың жетекшісі Ерлан Сыдықов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Семей. 10 - қаңтар. Kazakhstan Today - Бастамашыл топ президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды қолдайтын 3,6 миллион қол жинаған. Бұл туралы сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында бастамашыл топтың жетекшісі Ерлан Сыдықов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, Сыдықов 2011 жылдың 8 қаңтарына 3,6 миллион қол жиналғандығы туралы мәлім еткен. "Біздің қолымызда біз әлі тексеріп жатқан қол қойылған қағаздар көп. Біз төрт миллионнан асырамыз", - деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптаның аяғында ресми басылымдарда жалпы сайлау өткізусіз қазіргі президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістерді республикалық референдумға шығару туралы парламенттің ұсынысын Назарбаевтың қабылдамай қайтарған президенттің жарлығы жарияланған болатын.

"Президенттің Жарлығы парламенттің ұсынысына қатысты, бастамашыл топ өзінің жоспары бойынша жұмыс істеуде", - деп түсіндірді Сыдықов.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы отырысында жиырма жетінші желтоқсанда Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша республикалық реферндум өткізу туралы бастамашыл топтың арызын тіркеді. Осы сәттен бастап бастамашыл топ референдумды қолдауға қол жинауды бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны