26.06.2015, 13:06 3345

"Батыр арулар" байқауыныӊ жеӊімпаздары суда жүзіп өтті

"Батыр арулар" республикалық байқауында жеӊіске жеткен ҚР ҚК қыз-келіншек әскери қызметшілері судағы жаттықтыру іс-қимылдарын қарқынды пысықтауға білек сыбана кірісті

Астана. 26 Маусым. Kazakhstan Today - "Батыр арулар" республикалық байқауында жеӊіске жеткен ҚР ҚК қыз-келіншек әскери қызметшілері судағы жаттықтыру іс-қимылдарын қарқынды пысықтауға білек сыбана кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

12 әскери қызметші толық жауынгерлік амуницияда жүзуді бастап, уақытқа белгілі бір қашықтықты жүзіп өтті. Қатысушылардыӊ міндеті қару қыздардыӊ қолдарында болғанымен күрделене түсті. Жүзу әскери қызметшілердіӊ дене даярлығы нормативтерініӊ бірі болып табылатынын айта кеткен жөн. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Естеріӊізге салсақ, ресми марапаттауға дейін байқау финалистері далалық жағдайларда жауынгерлік айла-тәсілдер мен жаттығуларды орындай отырып, дене даярлығын көрсетеді. Искери қызметшілер ұдайы жауынгерлік әзірлікте болатындарын, оларға жүктелген міндеттерді сәтті орындайтындарын дәлелдейді.

Жеӊімпаздар "төзімділік курсымен" қарқынды жауынгерлік даярлықтан өтті. Олар танктіӊ астында жатты, парашюттен секірді, атыс шеберліктерін көрсетті.

Байқаудыӊ шарты бойынша әрбір жеӊімпаз 2016 жылға арналған мамандандырылған күнтізбеніӊ белгілі бір айыныӊ парақтарын әрлендіре түседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны