07.07.2015, 18:27 3648

Батыр арулар жауынгерлік даярлық кезеӊін аяқтады

"Батыр арулар" байқауы қатысушыларыныӊ дайындығы аяқталды. Оныӊ барысында әйел әскери қызметшілер төзімділік курсын, лаӊкестікке қарсы операцияны, жау бекіністерін шабуылдау, автоматтар мен тапаншалардан оқ ату, Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру курсынан өтті

Астана. 07 Шілде. Kazakhstan Today - "Батыр арулар" байқауы қатысушыларыныӊ дайындығы аяқталды. Оныӊ барысында әйел әскери қызметшілер төзімділік курсын, лаӊкестікке қарсы операцияны, жау бекіністерін шабуылдау, автоматтар мен тапаншалардан оқ ату, Калашников автоматын бөлшектеу және құрастыру курсынан өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Батыр арулар" іс жүзінде керемет дене сымбаттылығын көрсетіп қана қоймай, жауынгерлік әзірліктіӊ барлық дағдыларын меӊгергенін көрсетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Танктіӊ астында жату, кедергілер жолағын бұзып өту, жауынгерлік қарудан оқ ату жауынгерлік даярлықты тексеру кезеӊіне кірді. Байқауға қатысушылар атыс қаруыныӊ үлгілерін инженерлік тұрғыда білу және атыс машығын, жауынгерлік жарақтандыруда кедергілер жолағын еӊсеру кезіндегі шыдамдылықты, "Кобра" броньды машинасын басқару шеберлігін паш етті. Қыз-келіншектер үшін еӊ елеулі сынақ танктіӊ астында жату болды. Бұл жаттығу әскери қызметшілердіӊ психологиялық дайындығын тексерді. Алайда, "Батыр арулар" жеӊімпаздары шамалы толқуға қарамастан, ҚР ҚК шын мәніндегі әскери қызметшілері ретінде бұл сынақты да бағындырды.

Соӊғы сынақтардыӊ бірі суда жаттықтыру іс-қимылдарын қарқынды пысықтау болды. Ийел әскери қызметшілер толық жауынгерлік амуницияда жүзіп өтті және уақытқа белгілі бір қашықтықты бағындырды. Қатысушылардыӊ тапсырмасы қару әскери қызметшілердіӊ өзімен бірге болуымен күрделене түсті.

Байқау финалистерін ресми марапаттауға дейін аз уақыт қалғанын еске сала кетейік. Искери қызметшілер ұдайы жауынгерлік әзірлікте, оларға жүктелген тапсырмаларды әрқашан мүлтіксіз орындайтындарын дәлелдеді. Байқау жоспары бойынша әрбір жеӊімпаз 2016 жылға арналған мамандандырылған күнтізбеніӊ белгілі бір айыныӊ парақтарын әрлендіре түспек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны