13.05.2015, 15:33 3648

Батырхан Шүкеновті Еске алу кеші Республика Сарайы алдындағы "Абай" алаӊында өтеді

18 мамыр (20:00) - ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновтіӊ туған күнінде оны Еске алу кеші өтеді

Астана. 13 Мамыр. Kazakhstan Today - 18 мамыр (20:00) - ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері, әнші, музыкант және композитор Батырхан Шүкеновтіӊ туған күнінде оны Еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кешті Батырхан жақсы көретін "ChickFlick" тобы ашады, олар оныӊ репертуарынан бірнеше ән орындайды, бұдан соӊ Республика Сарайыныӊ алдыӊғы жағында "Батыр: Live" атты фильм-концерт көрсетіледі, оған әртістіӊ өнер көрсетулері, достары мен жақындарына берген сыр-сұхбаттары, сахна сыртындағы сұхбаттары, әншініӊ қысқаша түсініктемелері енген.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов 53-ке қараған жасында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Музыкантпен қоштасу 1 мамыр күні бір кезде орындаушыныӊ өзі шығармашылық жолын бастаған Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония ғимаратында өтті. Дәл осы күні митингіде Алматы қаласыныӊ Икімі А.Есімов әртістіӊ туған күнінде Еске алу кешін өткізу туралы жария жасады.

Осы күні "Абай" алаӊына келетін барлық қалалықтардан автокөліктерді бірнеше орам ары қалдырып, өткізілетін орынға (КИМЭП аялдамасы) қоғамдық, муниципалдық көлікпен жетуді өтініп сұраймыз. Сондай-ақ, қалалықтарға қолайлы болу үшін "Арман" кинотеатрыныӊ жанында тұрақ және Республика Сарайыныӊ ақылы жерасты паркингі жұмыс істеп тұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны