09.10.2007, 13:41 3125

"Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы ретінде Андарь Шукпутов сайланды

"Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы ретінде Андарь Шукпутов сайланды

Астана. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін үкімет отырысында "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басшысы ретінде Андарь Шукпутовты сайлау туралы қаулы қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Қаулының мәтінін Қазақстанның вице-премьер Өмірзақ Шүкеев оқып таныстырды. "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқармасының төрағалығына Андарь Шукпутовты сайлауды қамтамасыз ету тапсырылсын". Вице-премьердің түсіндіруінше, Андарь Шукпутов 1958 жылы дүниеге келген, осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Изербайжан республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарған.

Өз кезегінде Андарь Шукпутов "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының "осы институттың алдына қойылған маңызды және амбициялық міндеттерді шешуде басты орын алуына" барлық күш-жігерін салатындығына уәде берді.

Аталмыш қаулыға министрлер кабинетінің мүшелері бір ауыздан дауыс берді.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Каспий", "Тобол" және "Батыс" - үш әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны