07.03.2008, 10:48 2764

Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомобиль жолдары туралы ҚР мен РФ-ның көлік министрліктерінің арасындағы меморандумға 1 сәуірге дейін қол қойылады

Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомобиль жолдары туралы ҚР мен РФ-ның көлік министрліктерінің арасындағы меморандумға 1 сәуірге дейін қол қойылады

Астана. 7 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Санкт-Петербург - Қазан - Орынбор - Ақтөбе - Алматы - ҚХР шекарасы бағыты бойынша Батыс Еуропа мен Батыс Қытайды жалғастыратын автомобиль жолын дамыту және ынтымақтасу туралы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы меморандум қол қоюға 1 сәуірге дейін дайын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 4-5 наурызда Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия аясында көлік бойынша шағын комиссияның 5-ші отырысы өтті. Шағын комиссияның Қазақстан жағын ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Ибілғазы Құсайынов басқарған. Ал Ресей жағын статс-хатшы РФ көлік министрінің орынбасары Сергей Аристов басқарған.

"Тараптар Санкт-Петербург - Қазан - Орынбор - Ақтөбе - Алматы - ҚХР шекарасы бағыты бойынша Батыс Еуропа мен Батыс Қытайды жалғастыратын автомобиль жолын дамыту және ынтымақтасу туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен РФ Көлік министрлігі арасындағы меморандум жобасын қарастырды. Екі жақ жобаны келісуге және 1 сәуірге дейін қол қоюға дайындауға уағдаласты", - деп көрсетілген ККМ хабарламасында.

Тараптар сондай-ақ, екі ел арасындағы әуе қатынасы саласындағы қатынастардың даму үрдісіне оң баға берді және авиа тасымалдау нарығының қажеттіліктерінің өзгерістеріне дер кезінде әрекет ету мақсатында Қазақстан мен Ресейдің әуе қатынастары басқармалары арасындағы диалогты жалғастыруға келісті.

Кездесу барысында тараптар Каспий теңізі мен Қара теңіз арасында су көлігі қатынасын құру нұсқаларын салыстырмалы бағалау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайындағы мәліметтермен бөлісті. Отырыс қорытындысы бойынша Протоколға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны