26.12.2012, 15:27 3071

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының тағы бір учаскесі ашылды

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының қайта құрылған 57 шақырымында көлік қозғалысы ашылды. Көрші Қырғызстан аумағын айналып өтетін жолдың жаңа учаскесі Мерке ауданындағы Қайнар және Ойтал ауылын қосады".

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының тағы бір учаскесі ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының қайта құрылған 57 шақырымында көлік қозғалысы ашылды. Көрші Қырғызстан аумағын айналып өтетін жолдың жаңа учаскесі Мерке ауданындағы Қайнар және Ойтал ауылын қосады".

Басылымда атап өтілгендей, бүгінгі күні жаңа магистралдің 306 шақырымы пайдалануға берілген. Келесі жылдың басында магистралдің Тараз айналма жолындағы 65 шақырымдық бөлігінде құрылыс жұмыстары басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны