02.10.2009, 10:00 1769

Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында минус 3 градусқа дейін күн суытады - ТЖМ

Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында минус 3 градусқа дейін күн суытады - ТЖМ

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында Цельсий өлшемі бойынша минус 3 градусқа дейін күн суытады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстанның бүкіл аумағы циклонның ықпалында және соған байланысты атмосфералық фронталдық бөліністердің ықпалында болады, ол жаңбырға, кей жерлерде найзағайға алып келеді, жел күшейеді. Тек батыс аудандарға ғана антициклон әсер етеді. Түнде Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында Цельсий өлшемі бойынша 0 - минус 3 градусқа дейін күн суытады, кей жерлерде тұман түседі".

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, "Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, түнде Атырау, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді. Түнде Маңғыстау облысында да кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге жетеді, тұман түседі. Алматы облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін күшейеді, Жалаңашкөл маңында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді".

Республиканың оңтүстігінде 5 класс бойынша өрт қауіпсіздігі сақталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны