12.09.2018, 22:46 4180

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық әкімдігініӊ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiніӊ басшысы ұсталды

Басшы 7,1 млн. теӊгені жымқырды деп күдіктелуде. 7 қыркүйекте басшы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде",- деп хабарлайды мекеме.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысында топ басында өӊірлік көліктік бақылау инспекциясы басшысыныӊ орынбасары бар ұйымдасқан қылмыстық топтыӊ қызметі әшкереленді. Бұл туралы МҚІСЖҚА ресми өкілі Жанна Бастарова баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ департаментімен бірлесе отырып, облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысыныӊ орынбасары басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтыӊ қызметін тоқтатты.

Өзініӊ қылмыстық қызметіне ол өзіне бағынышты 4 қызметкерді - инспекцияныӊ бас мамандарын тартқан. Оныӊ үстіне Алматы қаласы бойынша көлік инспекциясыныӊ 4 маманы оныӊ қылмыстық әрекеттеріне қатысқан.

Қылмыстық схемаға Көліктік бақылау инспекциясы басшысыныӊ орынбасарын қоса алғанда барлығы 9 адам тартылған.

Олар қылмыстық топ құрамында жеке көлік компанияларыныӊ өкілдерінен Алматы облысы мен Алматы қаласы автомагистральдық жолдарында ірі габаритті жүктерді тасымалдау ережесін бұзу бойынша әкімшілік шараларды қабылдамау үшін жүйелі негізде пара алғандығы үшін күдіктелуде.

Ұйымдасқан қылмыстық топтыӊ қылмыстық кірісі ай сайын шамамен 6 миллион теӊгені құраған.

Күдіктілер ұсталды және уақытша қамау абақтысына орналастырылды.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетініӊ басқарма басшысы жүйелі парақорлық бойынша күдіктелуде.

Ұлттық бюромен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетініӊ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасыныӊ басшысы сыбайлас жемқорлықпен әшкереленді.

Ол инженерлік желі жобасын сараптамадан өткізуге, сондай-ақ техникалық қадағалауды аккредиттеу туралы куәліктерді алуға рұқсат беру үшін мердігер ұйым директорынан бірнеше рет пара алғандығы үшін күдіктелуде.

Параныӊ жалпы сомасы 1,7 млн. теӊген іқұрады.

Бөлім басшысы қылмысты толық мойындауына байланысты қамауға алынбады.

Сонымен қатар, пара беру фактілері бойынша серіктестіктіӊ директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ парақорлықта Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініӊ аумақтық бөлімшелерініӊ қызметкерлері әшкереленді.

Парақорлықта Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысыныӊ орынбасары күдіктелуде.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен Түркістан қаласыныӊ мемлекеттік кірістер басқармасы басшысыныӊ орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ол Кентау қаласыныӊ тұрғынын жеке кәсіпкер ретінде тіркеу және оған жеделдетілген патент беру туралы оӊ шешім қабылдағаны үшін өз қызметтік бөлмесінде келісілген 60 мыӊ теӊге сома параныӊ жарты бөлігін алу бойынша күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментініӊ Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы Мәжбүрлі өндіру бөлімініӊ басшысы жүйелі негізде пара алу бойынша күдіктелуде.

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен парақорлықта Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасыныӊ Мәжбүрлі өндіру бөлімініӊ басшысы әшкереленді.

Ол кәсіпкерлерден анықталған салықтық бұзушылықтарды көрсетпеу, кәсіпкерлік қызметті заӊсыз тоқтату үшін ақша бопсалау арқылы жүйелі парақорлықта күдіктелуде.

Сөйтіп, жүргізілген жасырын-тергеу іс-әрекеттері нәтижесімен, 6-шы қыркүйек күні сағат 14.30-да Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы Мәжбүрлі өндіру бөлімініӊ басшысы салық берешегініӊ бар екендігі туралы ескертуді көрсетпеу, жеке кәсіпкер қызметін тоқтату, шотты жаппау және шағын бизнес қызметіне жалпы қамқорлық жасау үшін жеке кәсіпкерден 60 мыӊ теӊге көлеміндегі пара алуда әшкереленді.

Сол күні бірінші параны алғаннан кейін небәрі 10 минут өткен соӊ сағат 14.40-та күдікті салық берешегініӊ бар екендігі туралы ескертуді көрсетпеу, жеке кәсіпкер қызметін тоқтату, шотты жаппау және шағын бизнес қызметіне жалпы қамқорлық жасау үшін өзге жеке кәсіпкер өкілінен бопсалаушылық арқылы 10 мыӊ теӊге көлеміндегі параны алған.

Күдікті толығымен пара алу фактілерін мойындады.

Сондай-ақ өткен аптада ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлеріне қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелді.

Мысалға, Атырау қаласыныӊ ішкі істер басқармасы басшысыныӊ орынбасары және осы басқарманыӊ көші-қон қызметі бөлімініӊ аға инспекторы сыбайлас жемқорлықта әшкереленді

Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен Атырау қаласыныӊ ішкі істер басқармасы басшысыныӊ орынбасары, полиция подполковнигі және осы басқарманыӊ көші-қон қызметі бөлімініӊ аға инспекторы, полиция майорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдіктелер шетел азаматтарымен еӊбек жасауға рұқсаттамаларын кедергісіз және жылдамдатылған түрде алу үшін ағымдағы жылғы мамыр-тамыз айларында жүйелі негізде пара алуда әшкереленді.

Өзбекістан республикасыныӊ азаматтарымен кедергісіз және жылдамдатылған түрде тіркеу және еӊбек жасауға рұқсаттама алу үшін ақша қаражаты және тауарлық-материалдық құндылықтар түрінде алынған параныӊ жалпы сомасы 213 мыӊ теӊгеніқұраған.

Тінту барысында 80-нен астам шетел азаматтарыныӊ паспорты және 600 мыӊ теӊге сомасындағы ақша қаражаттары алынды. Қазіргі таӊда олардыӊ пайда болу заӊдылығы және қылмыстық іс материалдарға қатысы болуы анықталуда.

Күдіктілер пара алу фактілерін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ.

Астана қаласыныӊ ішкі істер департаментініӊ Есіл аудандық ішкі істер басқармасыныӊ тергеу бөлімініӊ басшысы едәуір көлемде пара алу барысында әшкереленді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ баспасөз қызметі.

"6 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана қаласыныӊ ішкі істер департаментініӊ Есіл аудандық ішкі істер басқармасыныӊ тергеу бөлімініӊ басшысыныӊ парақорлығы әшкереленді.

Ол оған бағынышты делдал арқылы тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін 300 000 теӊге көлеміндегі пара алғандығы бойынша күдіктелуде.

Өз кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілер қамалған жоқ",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысы бойынша Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiніӊ басшысы пара алу және бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдіктелуде.

"А.ж. 5 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша Ұлттық бюросы пара алу бойынша Теректі аудандық әкімдігініӊ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiніӊ басшысы әшкереленді.

Күдікті "Теректі ауданы Федоровка кенті Айтиев көшесініӊ жолын жөндеу" объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа сәйкес атқарылған жұмыстар актісіне қол қою және жалпы қамқорлығы үшін өзініӊ қызметтік кабинетінде мердігер ұйымнан 100 мыӊ теӊге ақша қаражатын алған.

Бұрын мердігер ұйым Теректі ауданыныӊ кент ішіндегі автокөліктік жолдарды ағымдағы жөндеу және күту бойынша тендерді ұтып алғандығы және Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiмен мемлекеттік қызметтер туралы тиісті келісімшартқа отырғандығы анықталды.

Іс жүзінде аталған келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізілмеген, ал ақша қаражаттары толықтай мердігер ұйымыныӊ басшысымен қолма-қол алынған және бөлік-бөлігімен 2017 жылдыӊ маусым айынан бастап 2018 жылдыӊ ақпаны кезеӊінде мемлекеттік мекеме басшысына берілген.

Басшы 7,1 млн. теӊгені жымқырды деп күдіктелуде. 7 қыркүйекте басшы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны