02.07.2008, 10:31 1404

Батыс Қазақстан облысында Бөрілі ауданын газдандыру көзделіп отыр

Батыс Қазақстан облысында Бөрілі ауданын газдандыру көзделіп отыр

Орал. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының басшылығы 2009 жылы басымдыққа ие жобалардың қатарында аумағында Қарашығанақ кен орны орналасқан Бөрілі ауданын газдандыру мәселесін шешпек ниетте. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Облысымыздың аумағында бірегей Қарашығанақ кен орыны орналасқан. Алайда, оған қарамастан облыс тек 47 пайызға ғана газдандырылған. Қарашығанақтың қасында тұрып, газ болмау деген не деген масқара! Бұл, әсіресе, ауылдары кен орынына тиіп тұрған Бөрілі ауданына қатысты. Сондықтан, 2009 жылғы жоспарларда Бөрілі ауданын газдандыруға басымдық беріледі. Біз бұл мәселені шешуіміз керек", - деп хабарлады Б. Ізмұхамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны