01.08.2008, 18:41 3214

Батыс Қазақстан облысында экономикалық қылмыстарды ашу көрсеткіші өсіп келеді

Батыс Қазақстан облысында экономикалық қылмыстарды ашу көрсеткіші өсіп келеді

Орал. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында өткен жылмен салыстырғанда экономикалық қылмыстар екі есе артық ашылған. Бұл туралы облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев кеше өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, кейінгі жарты жылда облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты 63 қылмыс ашылған. Оның жартысы сотқа жіберілді. Алдын ала тергеу кезінде анықталған 692 млн теңге көлеміндегі материалдық шығынның 689 млн теңгесі мемлекеттік кіріске өндіріп алынды.

Жалпы алғанда жылдың бірінші жартысында жүргізілген 478 тексерудің қорытындысы бойынша 2658 заң бұзушылық жойылып, 602 таныстыру енгізілген, 10 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалған. Жергілікті атқарушы билік органдарының 301 заңсыз актісі, соның ішінде 18 нормативтік-құқықтық акт заңнамаға сәйкестендірілді.

Прокурорлық тексеру шарасымен "Уральскводстрой" ЖШС-нің 900 қызметкерінің жалақы берешегі өтеліп, "БГС-Ақсай" ЖШС-нің 470 қызметкерінің артық уақыт істеген жұмысы үшін жалақы төленіп, құқықтары қалпына келтірілді.

Кәсіпкерлікті қорғау мақсатында 10 таныстыру енгізіліп, 21 заңсыз актінің күші жойылып, 17 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратураның таныстыруымен кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің төрағасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны