14.07.2008, 14:59 1568

Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы көтерілді

Батыс Қазақстан облысында электр қуатының бағасы көтерілді

Орал. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында 14 шілде, дүйсенбіден бастап электр қуатының бағасы көтерілді. Бұл туралы облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіндегілер хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында 14 шілде, дүйсенбіден бастап электр қуатының бағасы 28%-ға көтерілді. Тұтынушылар енді бір киловатт электр қуаты үшін 6,30 теңге төлейді, бұл бұрынғы бағадан 1,38 теңге артық.

"Бағаның көтерілуі Ресейден алатын электр қуатының қымбаттауына байланысты, сондай-ақ, Орал ЖЭО-ның жұмыс істеуіне қажетті Қарашығанақ газының қымбаттауына да қатысы бар", -деді облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті төрағасының орынбасары Елена Билялиева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны