30.11.2006, 10:58 5690

Батыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдарында ауыс-түйістер болды

ОРАЛ. 30-қараша. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдарында ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыстың жаңа прокуроры болып Зарлық Лақпаев тағайындалды. Ол кейінгі кезде Қызылорда облыстық прокуроры болған. Қадағалаушы мекеменің жаңа басшысын республиканың Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков таныстырды.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысында кедендік бақылау департаментінің бастығы өзгерді. Бұл лауазымға Амангелді Нұғманов тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР қаржы мингистрлігі кедендік бақылау комитетінің мамандар басқармасын басқарған.

Батыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментін басқарған Сержан Дүйсебаев ҚР қаржы мингистрлігі кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны