25.09.2007, 18:22 3056

Батыс Қазақстан облысында облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды

Батыс Қазақстан облысында облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды.

Орал. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары тағайындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық әкімшіліктен хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың қаулысымен облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып Серік Сүлеймен тағайындалды.

Бұл қызметті бұрын атқарған Шавхат Өтемісов Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінің депутаты болып сайланған.

Сүлеймен Серік 1956 жылы туған. Қазақ ауылшаруашылық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген. 1992-2005 жылдар аралығында Сырым ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Қаратөбе ауданының әкімі, облыстың еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы қызметін атқарған. 2005 жылдың қаңтарынан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінің директоры қызметін атқарған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны