04.08.2006, 08:42 2831

Батыс Қазақстан облысында облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Орал. 4-тамыз . Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Ишімовтың өкімімен оның орынбасары Илібек Сыдықов қызметінен босатылды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінінің тілшісіне әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәліметке сәйкес, И. Сыдықов ҚР экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінінің (қаржы полициясы) шешімі бойынша қызметінен босатылды. Белгілі болғандай, қаржы полициясы қызмет бабын жеке басының мүддесіне пайдаланды деген айыппен шенеуіктің үстінен қылмыстық іс қозғаған.

И.Сыдықов аймақтағы өнеркәсіп, экономика және құрылыс мәселелеріне жауапты еді.

Сондай- ақ , Орал әкімінің талабы бойынша , құрылыс және өнеркәсіп саласын басқарған облыс әкімінің орынбасары Тимур Карағойшин өз еркімен қызметтен босату туралы арыз жазды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны